Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Тоқаев премьер-министр Бектеновке және Үкіметке бірқатар тапсырма берді

0

Мемлекет басшысы премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының биылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есепті тыңдап, экономиканы одан әрі әртараптандыру жоспарымен танысты.

Премьер-министр бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өскенін баяндады. Экономика құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 9,8 пайызға, көлік саласы – 7,1 пайызға, құрылыс 15,2 пайызға артты. Сондай-ақ сауда-саттықта – 5,7 пайыз, ауыл шаруашылығында – 4,4 пайыз және байланыс қызметінде 4,3 пайыз өсім тіркелді. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9,5 триллион теңгені құрады, соның ішінде жеке инвестиция 21,4 пайызға ұлғайды.

Олжас Бектенов ұлттық экономика құрылымын нығайту жөнінде есеп берді. Биыл өңдеу секторында 1,7 триллион теңгеге 200 инвестициялық жоба іске қосылып, 17 мың жұмыс орны ашылады. Үкімет басшысы ірі автожол жобаларының жүзеге асырылу барысы, Астана қаласындағы екінші әуежайдың құрылысын және Tarlan Astana көлік жүйесінің келесі кезеңін жоспарлау туралы айтты. Пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 20 миллион шаршы метрге жетпек. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс көрсеткіші 15 триллион теңгені құрап, егістік алқаптары 23,8 миллион гектарға дейін ұлғайды. Шаруаларды қолдауға 1 триллион теңге бөлінді. Бұл ретте бюджеттің әр теңгесі 6,5 теңге жеке инвестиция тартуға септігін тигізді.

Мемлекет басшысына Халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспардың іске асырылуы және инфляцияны төмендету шаралары туралы ақпарат берілді. Маусым айында жылдық инфляция деңгейі 10,3 пайызды құрады.

Президентке әлеуметтік және көші-қон саясатын жетілдіру нәтижелері туралы баяндалды, сондай-ақ жұмысқа орналасуға ынталандыру арқылы әлеуметтік қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыру тәсілдері таныстырылды. Кейбір әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру нәтижесінде жылына 800 миллиард теңгеден аса қаржы үнемделеді.

Кездесуде жылыту маусымына дайындық мәселесіне айрықша назар аударылды. Өткен маусымның қорытындысы бойынша бес жылу электр орталығы аса жоғары тәуекелдің "қызыл" аймағынан шығарылып, үш ЖЭО "жасыл" аймаққа ауыстырылды. Биылғы жөндеу жұмыстары 9 энергия блогын, 55 қазандықты және 51 турбинаны қамтиды. Аталған мақсатқа 384 миллиард теңге бөлінген. "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді.

Президентке цифрландыру және ұлттық АІ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы мәлімет ұсынылды. Олжас Бектенов "Деректерді өңдеу орталығы алқабы" жобасын іске асыру мақсатында әлемдік ІТ көшбасшыларымен бірге қуаты 250 МВт болатын инфрақұрылым жасақталатынын айтты. Шетелден тартылған инвестиция көлемі 10 миллиард доллардан асты.

Мемлекет басшысына туризм инфрақұрылымын жаңғырту жайында есеп берілді. Алматы тау кластерін дамыту туризм саласының ІЖӨ құрылымындағы үлесін арттырады. Almaty SuperSki жобасының құрылысы жандана түсті: 60 шақырым трасса құрылысы аяқталғанда тәулігіне 10 мың адамға дейін қызмет көрсетуге мүмкіндік туады. Нысанды пайдалануға беру 2028 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Еліміз "Болашақ ойындары-2026" жарыстарын өткізуге дайын.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға сай қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар болды. Заңнаманы Ата заңға сәйкестендіру, "Әділетті Қазақстан" және "Заң мен тәртіп" қағидаттарын нығайту, әлеуметтік саясатты жетілдіру, Алатау қаласын қарқынды дамыту үшін құқықтық негіз қалыптастыру, сондай-ақ "Таза Қазақстан" бастамасын ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді өркендету бағытындағы жүйелі қадамдарды жалғастыруды тапсырды. Үкіметке әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салуға арналған ауқымды бағдарламаны қолға алу міндеті жүктелді. Бұл бастама ел азаматтарының тұрмыс сапасын айтарлықтай жақсартуға тиіс. Заманауи денсаулық сақтау нысандарын салуға ерекше назар аударылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net