Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Неге әріптестер таң атқаннан ашуды келтіреді? Ғалымдар күтпеген себепті тапты

0

Әріптестерге деген таңертеңгі ашу-ызаның кеңседегі атмосфераға еш қатысы болмауы мүмкін. Ашудың нағыз себебі - жұмысқа дейінгі жол. Қызметкерлердің күнделікті жол жүрісінің мінез-құлқына әсерін зерттеген америкалық ғалымдар осындай тұжырымға келді, - деп хабарлайды Tengri Life тілшісі Inc мәліметіне сілтеме жасап.
Мазасыздық жұмыс күнінен бұрын басталады
From road to rage: Why commute demands are associated with interpersonal counterproductive work behaviors (and what to do about it) деп аталатын зерттеу авторлары күні бойы көңіл күй бұзылуы үшін міндетті түрде ірі жол апатына түсу, кептелісте тұрып қалу немесе автобустан қалып қою шарт емес екенін анықтады.
Ығы-жығы автобус, кептелістер, көлікті мұздан тазарту қажеттілігі, кезексіз кіргісі келетіндер, бензин бағасының өсуі немесе тіпті таңертеңгі кофе - мұндай жағдайлар жеке алғанда болымсыз нәрсе болып көрінуі мүмкін. Бірақ олардың жинақталу әсері бар.
Зерттеушілердің айтуынша, соның салдарынан адам жұмысқа ешбір айқын себебі жоқ жағымсыз көңіл күймен және эмоциялық ширығу жағдайында келуі мүмкін.
Неге бұған әріптестер ілігіп қалады
Ғалымдардың айтуынша, мәселе адамдардың өз ашуын жолмен сирек байланыстыратындығында. Соның салдарынан жағымсыз эмоциялар айналасындағыларға ауысуы мүмкін.
Нәтижесінде қызметкер қарым-қатынаста қаталданып, ұсақ-түйекке жиі ашуланады және өз күйінің нағыз себебі кеңсеге барар жолда туындағанын сезбестен әріптестеріне дүрсе қояды.
Егер мұндай жағдай жүйелі түрде қайталанса, ол ұжымдағы атмосфераны нашарлатып, бірлескен жұмысты қиындатып, уақыт өте келе команданың жалпы өнімділігіне әсер етуі мүмкін.
Мазасыздықты қалай азайтуға болады?
Зерттеу жетекшісі, Индианаполис университетінің менеджмент кафедрасының доценті Джейк Гейл бұл жұмыстың мақсаты жолдағы жағдайдың қызметкерлердің көңіл күйіне әсер ететінін дәлелдеу ғана болмағанын айтты.

"Мен жай ғана: "Иә, жұмысқа барар жол сізді ашуландырады, міне себебі" деп айтқым келмеді. Маған компаниялар осы ашу-ызаның салдарын азайту үшін не істей алатынын түсіну маңызды болды", - деп түсіндірді ғалым.

Ең тиімді әдістердің бірі - жол аяқталғаннан кейін және жұмыс күні басталғанға дейін бірден музыка тыңдау болып шықты.
Зерттеу көрсеткендей, музыканың нақты жанры аса маңызды емес.

"Қатысушылар мен "лифтте қойылатын музыка" деп атайтын әуендерді тыңдаған күндері, жолдан кейін пайда болатын ашу мен ашулануды азайтуға көмектескенін байқадық", – деді Джейк Гейл.

Неге музыка
Зерттеу авторлары музыканың тыныштандыратын әсері бар және ағзаның жолдан кейін қалпына келуіне көмектеседі деп санайды.
Гейлдің өзі басында мұндай тәсілдің тиімділігіне сенімді болмағанын мойындады.

"Музыка тыңдау кездейсоқ жасалған қадам сияқты көрінді. Біз алдыңғы зерттеулерден мұндай әдістердің жұмыс істейтінін білетінбіз, бірақ босаңсытатын музыканың әсері соншалықты күшті болғанына таңғалдық", - деді ол.

Жаңа деректер адамдар жолдағы проблемаларды кеңсенің табалдырығында қалдыра алады деген ескі теорияларды теріске шығарады. Таңертеңгілік шағын күйзеліс компаниядағы микроклиматқа міндетті түрде әсер етеді.
Зерттеу авторлары пікірінше, жұмыс берушілер жұмыс күнін ұйымдастыру кезінде бұл факторды ескеруі керек. Мысалы, қызметкерлерге жолдан кейін сабырмен жұмысқа ауысу үшін бірнеше минут беруге, жұмыс басталғанға дейін қысқа музыкалық үзілісті ынталандыруға немесе ең қиын жиналыстарды таңертеңгі алғашқы сағаттарға белгілемеуге болады.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net