Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Сайрандағы тәтті мақта сатушысының суреттері алматылықтардың ашуын келтірді

0

Сайран көліне тәтті мақта дайындайтын ыдысын жуған саудагердің әрекеті қазақстандықтардың ашуын туғызды. СЭБ өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болды?
Әлеуметтік желілерде Сайранда түсірілген жарияланым қызу талқыға түсті. Желі қолданушысы көл жағасында темір ыдысты жуып жатқан ер адамның суреттерін жариялады. Жазба авторының айтуынша, бұл адам тәтті мақта сатумен айналысады және осы ыдысты пайдаланады.

"Не көргенімізді қараңыз: тәтті мақта сатып тұрған адам оны дайындайтын ыдысты тура су қоймасында жуып отыр. Бұған не дейсіздер?" - делінген жазбада.

Threads скриншоты
Сондай-ақ желіде рұқсат етілмеген сауда орындарынан азық-түлік сатып алу кезінде сақ болуға шақырды.

Threads скриншоты
СЭБ не дейді?
Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (СЭБД) жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Рұқсат етілмеген сауда орындарында тамақ өнімдерін сату тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін, өйткені санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын, өнімді сақтау және сату жағдайларын, сондай-ақ сатушылардың жеке гигиенасын бақылау мүмкін емес", - деп хабарлады ведомство.

Су сараптамасы
Айта кетейік, мамырда мамандар Сайран көлінің суынан микробиологиялық, санитарлық-химиялық және паразитологиялық көрсеткіштер бойынша сынамалар алған болатын.
Алмалы ауданы бойынша нәтижелер мынадай болғаны хабарланды: су ЛІТ (лактоза-оң ішек таяқшалары) индексі және еріген оттегі деңгейі бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейді. Санитар дәрігерлер былтырғымен салыстырғанда жағдайдың өзгермегенін: судың әлі де санитарлық-химиялық нормативтерге сай емес екенін мәлімдеді.

"Аудандық басқармалардың мамандары биыл суды ластаушы көздерді анықтаған жоқ. Бірақ біз негізгі себеп салалар арқылы келетін ластану болуы мүмкін деп есептейміз. Сайранға Үлкен Алматы өзені құяды, ал оған жоғарыдан түсетін дүниенің бәрі (тұрмыстық қалдықтар, қоқыс, кәріз сулары) соңында көлге жиналады. Бұл зертханалық нәтижелермен расталып отыр: ішек таяқшасы - нәжістік ластану салдары", - деп хабарлаған еді мамырдың аяғында ведомство өкілдері.

Сарапшылар аптап ыстықта инфекциялардың таралу қаупі артатынын ескертеді. Жоғары температура ауру тудыратын бактериялар мен вирустардың тез көбеюіне ықпал етеді, бұл қарапайым санитарлық талаптарды сақтамауды өте қауіпті етеді.
Тағы оқыңыз: Жаз мезгіліндегі ішек инфекциясы: қандай жағдайда дәрігер шақыру қажет?






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net