Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанда несие алу қарқыны қалай өзгерді: Ұлттық банк жағдайды түсіндірді

0

Қазақстанда тұтынушылық несиелендірудің өсуі қаржылық реттеушілер тарапынан шектеу шаралары енгізілгеннен кейін баяулай бастады. Сонымен қатар бизнесті несиелендіру жоғары қарқынмен өсуіп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мәжіліс кулуарында журналистер Ұлттық банк басшысынан халық пен бизнестің несиеге белшесінен батуы фонында ресми статистика қаншалықты шынайы екенін, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.
Сүлейменовтің айтуынша, кейінгі үш-төрт жыл ішінде халыққа берілген несиелер жыл сайын шамамен 30 пайызға өсіп отырған. Осыған байланысты Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, тұтынушылық несиелендірудің шамадан тыс өсуін шектеу үшін бірқатар шара қабылдады.

"Біз тұтынушылық несиелендірудің шектен тыс өсуін тежеуге бағытталған бірқатар шара қабылдадық. Атап айтқанда, халыққа берілетін несиелерге қатысты секторлық контрциклдік капитал буферін енгіздік", - деді Сүлейменов.

Бұдан бөлек, тұтынушылық қарыздардың мерзіміне қойылатын талаптар күшейтілді. Ұлттық банк басшысының сөзінше, бұған дейін мұндай несиелер 5, 7, тіпті 9 жылға дейін беріліп келген, бұл ай сайынғы төлем мөлшерін азайтуға және жекелеген шектеулерді айналып өтуге мүмкіндік берген.
Сондай-ақ салықтық шаралар да қабылданды. Енді банктердің халықты несиелендіруден түсетін кірістеріне 25 пайыздық мөлшерлемемен салық салынады, ал бизнеске берілетін несиелер бойынша корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі 20 пайыз деңгейінде сақталды.

"Осылайша, банктерде халықтан гөрі бизнесті көбірек несиелендіруге қосымша ынта пайда болады", - деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде бұл шаралар нәтиже беріп жатыр. Тұтынушылық несиелердің өсімі шамамен 10 пайызға дейін азайды, ал бизнесті несиелендіру шамамен 18 пайыз қарқынмен артып келеді.
Бұған дейін Қазақстанда несиелер мен депозиттер бойынша мөлшерлемелердің өзгеретіні хабарланған болатын. Бұл базалық мөлшерлеменің төмендеуімен байланысты.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net