Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2021

Covid: 3049 адам коронавирус пен "пневмонияға" шалдықты, 37 адам қайтыс болды

0
8 шілдеде Қазақстанда 2909 адамның коронавирус тесті оң шықты. Бұл туралы 9 шілдеде таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 2020 жылдың наурыз айынан бері 448 000 адамға коронавирус жұққаны арнайы тестпен дәлелденген. Көп маман коронавирус бойынша ресми мәлімет төмендетіліп көрсетілген, шын мәнінде вирус жұқтырғандар әлдеқайда көп деп санайды. 


Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда – 796, Алматы қаласында – 420, Қарағанды облысында – 321, Шымкентте – 210,  Батыс Қазақстан облысында – 191, Атырау облысында – 154, Павлодар облысында – 123, Ақмола облысында – 119, Маңғыстау облысында 111 адамнан коронавирус анықталды. Алматы облысында – 89, Шығыс Қазақстан облысында – 78, Ақтөбе облысында – 77, Қостанай облысында – 54, Қызылорда облысында – 46, Түркістан облысында – 44, Жамбыл облысында – 38, Солтүстік Қазақстан облысында 38 науқас тіркелген.


7 шілдеде 140 адам пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне шалдыққан. Оның алдында бұл көрсеткіш 26 болған. ПТР нәтижесі теріс, бірақ симптомдары коронавирусқа ұқсас "пневмония" статистикасы былтыр тамыздан бері жүргізіліп келеді. Министрлік мәліметінше, содан бері елде 57 630 адам "пневмонияның" сол түріне шалдыққан. Халықаралық сарапшылар пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрін Covid деп санайды. Бірақ Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пневмониясын Covid статистикасына қоспай келеді. 


Сәрсенбі күні коронавирус тесті оң шыққандар арасында 32 адам өлімі тіркелген, 5 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған. Індет басталғалы бері ресми мәлімет бойынша, 4576 адам – коронавирустан, 3481 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған. 


Коронавирусқа қатысты адам өлімі статистикасына вирусқа шалдыққан мыңнан аса адам марқұм енбей қалды. Министрлік құрған комиссия олардың қазасына басқа дерт себеп болды деп тапқан.


Министрліктің мәліметінше, қазір 36 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр, басым бөлігінің коронавирус тесті оң шыққан. 11 мыңнан астам пациент стационарда жатыр: шамамен 904 адамның жағдайы ауыр немесе өте ауыр. 93 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған. 


Қазір елдегі ірі үш қала мен жеті облыс "қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, БҚО, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары. Қостанай, СҚО, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстары вирус тарауы жағынан орташа "сары аймақта" тұр. Қалған Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары – "жасыл аймақта".


Министрліктің дерегінше, 8 шілдеге дейін 4 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы екпенің бір дозасын; 2,33 млн адам екі дозасын алған. Елде ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac, HayatVax (БАӘ елінде дайындалған Қытайдың екпесі), қытайлық Coronavac екпесін салып жатыр.


АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің есебінше, індет басталғалы бері әлемде 185,5 млн адам Covid дертіне шалдыққан. 4 миллионнан астам адам қайтыс болған.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net