Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2021

Тәжікстанмен шекарадағы атыс кезінде бір қырғыз солдаты мерт болды

0
Бейсенбі күні қырғыз-тәжік шекарасындағы атыс кезінде қырғыз шекарашысы 27 жастағы сержант Хуснидин Хожиев қаза болды. Бұл туралы жұма күні Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметі хабарлады. Баспасөз қызметі шекарашы өлімінің жай-жапсары анықталып жатқанын айтты. 


Ақпаратқа қарағанда, екі ел шекарашылары туындаған мәселені талқылап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, тәжік жағынан да қаза болғандар мен зардап шеккендер бар. 


8 шілдеде қырғыз-тәжік шекарасында екі елдің әскерилері арасында атыс болған. Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметінше, "Лейлек ауданы Наумин асуындағы аумақты атпен бақылап жүрген топқа тәжік шекарашылары шабуыл жасаған". 


Ал Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, атыс Тәжікстанның Соғды облысы Деваштиш ауданы Росровут елді мекені маңында болған. Тәжікстанның мемлекеттік "Ховар" ақпарат агенттігінің жазуынша, оқиға 8 шілде жергілікті уақытпен сағат 15.00 шамасында (Алматы уақытымен сағат 16.00) болған. Төрт қырғыз шекарашысы "Тәжікстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен". Агенттіктің хабарлауынша, әскери және азаматтық киім киген қырғыз әскерилері Тәжікстанның Деваштиш ауданынан 9 жылқыны қырғыз жағына қарай айдап өтпек болған. 


Қырғыз-тәжік шекарасының жалпы ұзындығы – 970 шақырым. Қазірге дейін 504 километріне делимитация және демаркация жүргізілген.


Ал шекараның келісілмеген тұстары сондағы елді мекендердегі су, жер және әлі анықталмаған шекараны кесіп өту мәселелері дауға жиі себеп болады. Даудың соңы жанжалға ұласып, тараптар бір-біріне тас атады, кейде қарудан оқ атады.


28-30 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасында болған жанжалдан 50-ден астам адам қаза болған, жүздеген адам зардап шеккен. (Қырғыз жағы 36 қырғыз азаматы, тәжік тарабы 19 адамның опат болғанын хабарлады). Екі жақ бір-бірін жағдайды ушықтырды деп айыптап, қылмыстық істер қозғаған. 





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net