Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2021

Жаңаөзендіктер биліктен Шыңжаңдағы туыстарын іздеп жүргендерге көмектесуін сұрады

0
Жаңаөзендік бірнеше белсенді, мұнайшы мен қала тұрғыны ақпан айынан бері Алматыдағы Қытай консулдығы алдында Қытай билігінен Шыңжаңда қалған жақындарын қайтаруды талап етіп жүрген адамдарға қолдау білдіріп, билікке үндеу жолдады. 


Үндеу Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен дүниежүзі қазақтар қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевке бағытталған. 


Бұл туралы Азаттыққа мәлімдеген Шолпан Өтекееваның айтуынша, белсенділер үндеудің мәтінін Egov интернет порталы арқылы жолдап, қосымша видеомәлімдеме де жасаған. 


"Шиеленіс кезінде, сын сағатта дауға араласып, араағайындық жасай алмаса, бюджеттің қомақты қаражатына ортақтасып отырған Қазақстан халқы ассамблеясының құны көк тиын деп санаймыз. Бұл қазіргі қазақтың өз жерінде көріп отырған теперіштерінің бір парасы ғана. Ал Қытайдан көшіп келген қандастарымыздың мұң-зары бұдан да өтіп, ұлтымыздың жан-жарасына айналуда. Бірі ұл-қызынан, бірі әке-шешесінен, туған бауырынан айырылып, зар илеп, амалсыздан Қытай елшілігінің алдына барып, оларды босатуды сұрап жүр. Олардың бар арманы - туысымен қауышу, қолдарындағы бар "қаруы" - туысының суреті ғана. Олардың зарына құлақ аспақ түгілі, күштік құрылымдармен қуып, белсенділерін қамауы жүрегі қазақ деп соққан барлық азаматтарың жанына батып жатыр. Олардың әлеуметтік желілерде айтып жатқан қайғы-қасіреті біздің де қабырғамызды қайыстырып, өзіңізден араша сұрауға мәжбүр болып отырмыз" деп жазылған үндеуде. 


Жаңаөзендіктер Қазақстан билігін Қытаймен келіссөзді тек экономикалық қарым-қатынас шеңберінде жүргізбей, қандастардың ахуалы туралы да тақырыптарды көтеруге шақырды. Үндеу авторлары бұған қоса, Қытай қазақтары туған еліне оралса, оларды солтүстік өңірге шоғырландырып, геосаяси қауіпсіздік мәселесін шешуге болады деген ұсыныс та айтқан. 


"Тоқсан сөздің тобықтай түйіні қандастарымыздың көз жасына, қасіретіне алаңдай отырып, оларға моралдық қолдау және дипломатиялық көмек беруіңізді сұраймыз. Қандастарымыздың әрбірінің жанайқайына елшілік, консулдықтар деңгейінде құлақ түріп, мәселесі шешімін табуына ықпал етуді сұраймыз" делінген жаңаөзендіктер үндеуінде. 


Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдындағы наразылық биыл ақпан айында басталған. Наразылар Қытай билігінен Шыңжаңда "жазықтан-жазықсыз" қамалған жақындарын босатып, жақындарымен қауыштыруды, Қазақстанға келе алмай отырғандарын бері қарай жіберуді талап етеді. Әлі күнге дейін консулдықтан наразылардың алдына ешкім шыққан жоқ.


Сәуір айында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Шыңжаңда қамалғандардың "Қытай азаматы" екенін және олардың "Қытай заңын бұзғанын" айтқан. Қазақстан сыртқы істер министрлігі "өзге елдің ішкі ісіне араласа алмайтынын" айтып келеді.


Бұған дейін Алматы соты Қытай консулдығы алдында пикет өткізген адамдарды бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартқан.


Қарай отырыңыз: Шыңжаңдағы қазақтар мәселесін көтеріп жүрген белсенді Күнболатұлы қамаудан шықты (30 маусым 2021 жыл).




Бұған дейін халықаралық ұйымдар мен Батыс елдері Пекинді Шыңжаң өлкесінде ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзге де мұсылман топтарға "геноцид" жасады деп айыптаған. Пекин мұны жоққа шығарған.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net