Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2021

Шымкентте қамауда жатқан белсенді Аштаевтың үстінен кемінде бір қылмыстық іс қозғалды

0
Шымкент әкімдігі алдында аштық акциясын жалғастырған белсенділерді қолдап, артынша олармен бірге ұсталып, 10 тәулікке қамалған Жанмұрат Аштаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Аштаевтың әйелі белсенді Мөлдір Нұранова хабарлады. Полиция Аштаевтың үстінен кемінде бір қылмыстық іс қозғалғанын растады.


Нұранованың сөзіне қарағанда, Аштаев қамауда жатқан кезде Шымкент қалалық полиция департаментінің тергеушілері келіп, оның үстінен "Көрінеу жалған ақпарат тарату" және "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтқан. Өзін біраз тергеген. Ол тағылған айыппен келспеген, мойындамаған.


- Күйеуім қамауда жатқан жерінен хат жазды. Онда саяси көзқарасы үшін қудаланып, кезекті рет қылмыстық іс қозғалғанын жазды, - дейді Нұранова.


Қылмыстық істің нақты қай оқиғамен байланысты екені белгісіз. 


Аштаев 1 шілде күні қалалық әкімдік алдында өткен аштық акциясына қатысқан. Оны сол күні полиция басқа белсенділермен бірге күшпен ұстап, бөлімшеге жеткізген. Нұранованың айтуынша, бөлімшеде полиция қызметкерлері "оның іші мен оң жақ көзінен ұрған". 


Шымкент қалалық полиция басқармасы Аштаевтың үстінен "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бабымен іс қозғалғанын растады. Ал "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабымен іс қозғалғанын-қозғалмағанын анықтайтынын жеткізді.


1 шілде күні сот Аштаевты "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзғаны үшін" 10 күнге қамаған.


24 маусым күні белсенділер Ерлан Файзуллаев, Жанмұрат Аштаев, Нұржан Әбілдаев, Ермек Қонышбаев және Мұрат Байдәулетов Түркістан облысы Төлеби ауданы Ұзынарық ауылында саяси қудалауды тоқтатуды талап етіп, аштық жариялаған. Кейіннен бес белсенді аштықты Шымкентте жалғастырды. Өткен аптада белсенділер "денсаулығына және отбасылық жағдайына байланысты" және әкімшілік қамауға алуына байланысты аштықты тоқтатты. 


Маусым айының басында Жанмұрат Аштаев өзге екі белсендімен бірге "тыйым салынған ұйымдарды қолдағаны үшін" (нақты жағдайда ҚДТ мен "Көше партиясы", екі ұйымның жұмысына Қазақстанда тыйым салынғанмен Еуропарламент оларды бейбіт оппозициялық ұйымдар деп атаған) сотталған болатын. Сот оның бостандығын 2 жылға шектеп, 3 жылға дейін қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салды. Белсенді сот үкімімен келіспейді.


Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы адам құқығы жайлы биыл қабылдаған қарарында Нұр-Сұлтанды "экстремизмге қарсы заңдарды" билік сыншыларына қарсы қолданды деп айыптаған. Нұр-Сұлтан елде саяси қудалау барын мойындамайды. 




 





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net