Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2021

Министрлік қуаңшылықтан зардап шеккен шаруалардың шығынын мемлекет өтеп бермейді деді

0
Ауыл шаруашылығы министрлігі қуаңшылық пен жем-шөптің жоқтығынан малы қырылған шаруалардың шығынын мемлекет өтемейді деп мәлімдеді. Соңғы мәлімет бойынша, қуаңшылықтан көбірек зардап шеккен Маңғыстау облысында – мыңнан астам, Қызылорда облысында 500-ге жуық мал қырылған.


– Мұндай жағдайда өтелмейді. Бұл жеке шаруаның өз мәселесі. Қазақстан заңнамасына сәйкес, мал шығыны тек қана эпизоотиялық жағдай орын алса ғана төленеді. Басқа жағдайда ол төленбейді, – деді жұма күні журналистердің сұрақтарына жауап берген ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат жетекшісі Марат Оразаев.


Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан шаруаларында малды сақтандыру мүмкіндігі бар. Бірақ әзірге фермерлерге бұл нәрсе таңсық болып отыр.


– 2020 жылдың басынан бері Қазақстанда ерікті түрде сақтандыру туралы заң қабылданған. Сондықтан, егер шаруа бизнесінің тиімділігін ойласа, өзінің мал басын эпизоотиялық жағдайда кезінде шығын болуына немесе осындай табиғи жағдайдың салдарынан шығын болу мәселесінен сақтандыра алады. Әзірге бұл жаңа тетік болғаннан кейін, шаруалар оған әлі толығымен бара алмай жатыр. Бірақ бұл тетік алдағы уақытта өзінің қажеттілігін көрсетеді деп ойлаймыз, – деді ол.


Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазір мал азығын дайындау үшін республикалық штаб құрылған. Қуаңшылық қатты қысқан Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына басқа аймақтардан жем-шөп тасымалданып жатыр. Бұған дейін басқа өңірлерден Арал ауданына – 40 тонна, Маңғыстауға 1000 тонна шөп жеткізілген. Одан бөлек, Маңғыстауда 2 мыңнан астам жылқы көрші облыстарға жеткізілген.


Бірақ министрлік елде төтенше жағдай жариялау мәселесі шілдедегі жауын-шашын мөлшеріне байланысты шешіледі деп отыр. Онда да ел бойынша емес, қуаңшылық байқалған өңірлерде ғана жарияланады.


Қарай отырыңыз: Маңғыстау облысын қуаңшылық қысып, жұрт малға "картон бере бастады" (9 шілде 2021 жыл).




Биыл Маңғыстау мен Қызылорда облыстарын құрғақшылық дендеген. Бұған дейін кейбір фермерлер жем-шөп сатып алып, малды қорада ұстауға жағдайы жоғын айтқан. Олар үкімет тез арада көмек бермесе, малдар жаппай қырылайын деп тұр деп ескерткен.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net