Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2021

ҚАЖД "саяси тұтқын" Елшібаевтың өзін жарақаттағанын растады

0
Қызылорда облысының қылмыстық атқару жүйесі департаменті "саяси тұтқын" Ержан Елшібаев түрмеде өзін жарақаттады деген ақпаратқа түсініктеме берді. Бұған дейін құқық қорғаушылар "түрме әкімшілігі Елшібаевқа тәуелсіз басылымдарды оқуға рұқсат бермеді, құқығын даулаған кезде айыппұл камерасына жапты, Елшібаев қарсылық ретінде өзін жарақаттады" деп хабарлаған. Олар тұтқынның денсаулығына алаңдаған. 


Жұма күні таратқан хабарламасында облыстық ҚАЖ департаменті Елшібаевтың өзін жарақаттағанын растаған. 


"[Елшібаев] Биыл 28 маусымда Қылмыстық-атқару кодексі талаптарын бұзғаны үшін, яғни тыйым салынған заттарды сақтағаны, өндіргені және өткізгені үшін үш тәулікке тәртіптік изоляторға қамалған. 1 шілдеде ол өзінің сол қолының білек тұсына жарақат салып, мекеменің медицина қызметкерлері оны қарады, жағдайын "жақсы" деп бағалады" делінген хабарламада. 


Департамент өкілдерінің айтуынша, Елшібаев сол күні кезекші прокурор қабылдауында болып, арыз-шағымы тыңдалған. 


"Аталған дерек ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелген, қазіргі таңда қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр" дейді департамент өкілдері. Ресми орган хабарламада Елшібаевтың жаза өтеу мерзімі кезінде 6 рет жазалауға ұшырағанын атап өтіп, мінез-құлқын "теріс" деп бағалаған. 


Облыстық ҚАЖД 9 шілдеде таңертең мекеме басшылығына сүйене отырып, Елшібаевтың жарақаттанғанын жоққа шығарған еді. 


Құқық қорғаушылардың ақпаратына қарағанда, белсенділер бірнеше апта бұрын Елшібаевқа "Жас Алаш", "Дат", "Новая газета" басылымдарын жібере бастаған. Ал колония басшылығы оған аталған газеттердің "оппозициялық бағыттағы" басылымдар екенін алға тартып, беруден бас тартқан. Құқық қорғаушылар мен белсенділер қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне шағым жазғаннан кейін заңнамаға сәйкес газеттер берілген.


– Бірақ енді олар қайтадан бермей қойған. Ержан оған наразы болған. Олар оның камерасын тінтіп, оған "қайрақты сүңгітіп жіберген" деп айтады. Ал қайрақ бұл ірі ережебұзушылық. Осылайша оны тәртіптік айыппұл изоляторына жіберген. Ол қарсылық ретінде қолын тіккен, - деген еді жұма күні таңертең құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Азаттық тілшісіне. 


Оның сөзіне қарағанда, заң бойынша тұтқындардың газет-басылымдарды алып отыруға құқығы бар.


Ержан Елшібаев – Жаңаөзендегі жұмыссыздық мәселесін көтерген белсенді. 2019 жылы қазан айында Жаңаөзен соты оны 5 жылға бас бостандығынан айырған. 


Елшібаевтың өзі және құқық қорғаушылар, жақтастары істің саяси астары барын айтты. Елшібаевтың ісін сараптаған құқық қорғаушылар оны "саяси тұтқын" деп атаған.


Биыл маусым айында БҰҰ-ның жұмыс тобы Қазақстан билігі Ержан Елшібаевты түрмеге заңсыз қамады деген қорытынды жасап, оны дереу босатуға шақырған еді. Бірақ биліктен бұған реакция болмады.


Бұған дейін Елшібаев түрмеде өзіне қысым көрсетілгенін бірнеше рет мәлімдеген. 


Қазір ол Қызылордадағы қатаң режимді ЗК-169/5 мекемесінде қамауда отыр. 




 





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net