Жастар тәрбиесінде діни сауаттылықтың маңызы
Қазіргі таңда жастардың дінге деген көзқарасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
Философия және саясаттану факультетінің 3-курс студенті Еркінбай Тынышай Қуанышқызы
Аға оқытушы:Мұқан Нұрзат
Практика жетекшісі:Елнұр Әскенұлы
Бүгінде елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі рухани, құлықтық, патриоттық білім беру мен тәрбие болып саналады. Келешек ұрпақтың рухани тұрғыда және құлықтық даму проблемасы – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Осыған байланысты дінді гуманистік білім берудің ажырамас компоненті ретінде зерттеу маңызды. Дін бұл шеңберде адам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетінің арқасында мәдениеттің құрамдас бөлігі санатында қарастырылады.
Ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани...