Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2021

Полиция Қытай консулдығы алдында пикет өткізіп жүргендерді тағы ұстады

0
1 шілдеде таңертең Алматы полициясы Қытай консулдығы алдындағы пикетті түсіріп жүрген белсенді Байболат Күнболатұлын үйінен ұстап әкетті. Бұл туралы Азаттық тілшісіне белсендінің әйелі Бақыт Сембайқызы хабарлады. Бейсенбі күні Байболатпен қатар оның шешесі Зауатхан Тұрсын, "Нағыз Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Бекзат Мақсұтханның ұсталғаны хабарланды. 


"Күйеуімді 9.30 мен 10 аралығында ұстап әкетті. Менің енемді есігінің алдынан ұстап әкеткен. Ол Ақжарда тұратын. Неге алып кете береді? Қандай заң бар?" деді Бақыт Сембайқызы Азаттық тілшісіне. Оның сөзіне қарағанда, полиция қызметкерлері ұстау кезінде "өзі мен күйеуіне күш қолданған". 


Бекзат Мақсұтханның әйелі Нұргүл Ибраева күйеуінің әп-сәтте "ұшты-күйлі жоғалып кеткенін" айтады. Оның сөзіне қарағанда, 1 шілдеде таңертең күйеуі оны үйінің сыртында күтіп тұрған.


– 10 минуттан соң шықсам, ұшты-күйлі жоқ. Жарты сағат күттім. Әлі қайда екенін білмеймін. Соған қарағанда оны полиция ұстап әкеткен сияқты. Телефоны сөндірулі тұр, - деді Нұргүл Ибраева. Сәлден соң ол күйеуінің Алатау ауданының полиция басқармасында екенін хабарлады. 


Ақпаратқа қарағанда, Байболат Күнболатұлы мен анасын Наурызбай ауданының полиция бөлімшесіне алып кетуі мүмкін. Сағат 10 жарым шамасында ол жаққа Байболат Күнболатұлының әйелі екі баласымен барды. Оны полициядағылар ішке кіргізді. Ал журналистерді кіргізбеді.


Полиция оқиғаға әзірге түсініктеме берген жоқ.


Желіде Қытай консулдығы алдында пикет өткізіп жүрген тағы бірнеше адамның ұсталғаны жайлы ақпарат тарап жатыр. Азаттық тілшісі ақпаратты анықтап жатыр. 


1 шілдеде Қытай коммунистік партиясының құрылғанына 100 жыл толды. Наразылардың туыстары ұстауларды осы күнмен байланыстырады. 


"Қазақстан Қытайдың көңіл-күйін түсірмес үшін, бүгін елшілікте наразылық болмас үшін бәрін ұстап әкетті" дейді Байболаттың әйелі.  


Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында пикеттердің өтіп жүргеніне 140 күннен асты. Наразылар Қытай билігінен Шыңжаңда "жазықтан-жазықсыз" қамалған жақындарын босатуды талап етеді. Әлі күнге дейін консулдықтан наразылардың алдына ешкім шыққан жоқ. 


Сәуір айында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Шыңжаңда қамалғандардың "Қытай азаматы" екенін және олардың "Қытай заңын бұзғанын" айтқан. Қазақстан сыртқы істер министрлігі "өзге елдің ішкі ісіне араласа алмайтынын" айтып келеді. 


Бұған дейін Алматы соты Қытай консулдығы алдында пикет өткізген адамдарды бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартқан. Қытайда қамалған інісіне араша сұраған белсенді Байболат Күнболатұлы 29 маусымда 8 күндік әкімшілік қамаудан босап шыққан болатын. 


Қарай отырыңыз: Сот Шыңжаңдағы бауырына араша түсіп жүрген Күнболатұлын тағы да жазалады. Анасы ұлына араша сұрайды (28 маусым 2021 жыл).





Осы аптада АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер АҚШ Шыңжаңдағы туыстарына араша сұрап, Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында наразылық өткізіп жүрген азаматтардың бейбіт жиналу құқығын қолдайды деп мәлімдеген. 
Бұған дейін халықаралық ұйымдар мен Батыс елдері Пекинді Шыңжаң өлкесінде ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзге де мұсылман топтарға "геноцид" жасады деп айыптаған. Пекин мұны жоққа шығарған.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net