Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2021

Шымкентте белсенділер аштықты әкімдік алдында жалғастырды

0
1 шілде күні Шымкент қаласының әкімдігіне келген белсенділер Ерлан Файзуллаев, Нұржан Әбілдаев пен Ермек Қонышбаев аштықты әкімдік алдында жалғастыратынын мәлімдеді. 


Олар бейсенбі күні әуелі аштық жариялағанына 7 күн болса да әкімдіктен не депутаттардан ешкім келмегенін хабарлап, әкімдік кеңсесіне хат тапсырды. Ал қалалық ішкі саясат басқармасының өкілі оларға аштық жариялағаны жөнінде хабарлама түспегенін жеткізді. Әкімдік өкілі аштыққа отыру наразылықтың бір түрі екенін, бұл туралы хабар бермейінше аштық жариялау заңсыз екенін ескертіп, тез арада тарауды талап етті. Бірақ белсенділер әкімдік алдында аштықты жалғастыратынын мәлімдеді. 


- Бізді соттады. Соттың шешімі заңсыз. Сот прокурор қандай жаза сұрады, соны оқып берді. Сөйтіп біздің ар-намысымызды таптады. Бүгін аштық жариялағанымызға 7 күн толды. Бүгінге дейін түрлі жолмен қорқытып отыр. Бізде заң жоқ, - дейді аштық жариялаған белсендінің бірі Нұржан Әбілдаев. 


Белсенділер әкімдік алдында көрпе-төсек жайып, отырды. Оларды жақтап оннан аса белсенді келді. Жиналғандар Қазақстан жалауын әкімдік қабырғасына іліп, әнұранын шырқады. АҚШ мемлекеттік департаментіне құқықтарын қорғап араласуды сұрап, үндеу жасады. 


24 маусым күні белсенділер Ерлан Файзуллаев, Жанмұрат Аштаев, Нұржан Әбілдаев, Ермек Қонышбаев және Мұрат Байдәулетов Түркістан облысы Төлеби ауданы Ұзынарық ауылында аштық жариялағанын мәлімдеген. Олар осылайша саяси қудалауды тоқтатуды талап еткен Алматы мен Нұр-Сұлтандағы акцияға қолдау білдірген. Кейіннен бес белсенді аштықты Шымкентте жалғастырды. Бірнеше күннен соң белсенділер Мұрат Байдәулетов пен Жанмұрат Аштаев "денсаулығына және отбасылық жағдайына байланысты" аштықты тоқтатты. 


Аштық жариялағандар саяси тұтқындарға бостандық талап етіп, саяси көзқарасы үшін қудалауды тоқтатуды, Еуропарламент қарары талабының орындалуын, ҚДТ мен "Көше партиясын" партиясын "экстремистік ұйым" деп таныған шешімдерді жоюды, Қазақстанның сыртқы қарызы туралы есеп беруін талап етеді.


Одан бөлек, Еуроодақтан белсенділердің конституциялық құқығын шектеп, құқығын таптағаны үшін Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовке, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке жеке санкция салуды сұрайды.


28 маусым күні оралдық белсенді Маруа Ескендірдің асқазанындағы жарасы асқынып, аштықты тоқтатуға мәжбүр болған. Оның орнына аштықты басқа белсенді жалғастырып жатыр.


Әзірге билік өкілдері белсенділердің аштық акциясына реакция білдірген жоқ.


Осыған дейін "экстремистік" деп таныған екі ұйымның жұмысына араласты деп айыпталған Нұржан Әбілдаев, Ерлан Файзуллаев, Жанмұрат Аштаевтың да бас бостандығы 1 жыл 6 айдан 2 жыл 6 айға дейін шектелген, 3 жылға дейін қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салынған еді.


Қарай отырыңыз: Белсенділердің "Аштық акциясы" басталғанына бір аптадан асты (28 маусым 2021 жыл).




 





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net