Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2021

Билік халықтың АЭС жөнінде пікірін сұрайды, "түсіндіру жұмыстарына" блогерлер тартылуы мүмкін

0
Азаттықтың атом электр станциясы туралы сұрағына жауап берген энергетика министрі Нұрлан Ноғаев үкімет халықтың жоба жөнінде пікірін сұрайды деп мәлімдеді. Министрдің айтуынша, "түсіндіру жұмыстарына" блогерлер араласуы мүмкін.


— Семинар, дөңгелек үстел өткізу жоспарда бар, қоғам өкілдері, белсенділер, блогерлер да мәселеге араласады деп ойлаймын. Қазіргі кезде "жасыл экономикаға" өту мәселесі тұр. Бұл тұста Қазақстанда өндірілетін энергияның 70 пайызы көмір қуатымен шығарылатынын, 20 пайызы газ және үш пайызы қайта қалпына келетін энергия көздерінен алынатынын, қалғаны судан алынатынын айта кетейін. Көміртексіз өндіріске өту міндеті тұр. Біз түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамның пікірін, температурасын білуге тиіспіз. Олар бұл мәселеге қалай қарайды деген тұрғыда, — деді 30 маусым күнгі Ноғаев брифинге.


26 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясы төңірегінде айтылып жүрген қауіптердің орынсыз екенін атап өтіп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырған.


Осыған дейін АЭС салуға ең қолайлы орын ретінде Алматы облысы Үлкен қаласының маңы аталған. Алайда бұл ұсынысты жұрт сынап, Қазақстан президенті құптамаған.


30 маусым күнгі брифинг кезінде энергетика министрі Семей ядролық полигоны орналасқан Курчатов қаласында болашақ АЭС салынуы мүмкін екенін айтты. 


— Биыл Семей ядролық полигонын зерттеуді толық аяқтаймыз. Қазірге дейін аумақтың 80 пайызы зерттелді. Жылдың соңына дейін зерттеу жұмыстарын аяқтаймыз. Одан соң аумақтың қандай бөлігін халық шаруашылығы мен өзге мақсаттарға бере аламыз, сол жағын қарастырамыз, — деді Ноғаев.


2019 жылы сәуір айында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда атом электр станциясын салуды ұсынған. Бұл ақпарат Қазақстан қоғамында ірі резонанс тудырды, жұрт ұсынысты сынады. Көп ұзамай Тоқаев "халықтың пікірін ескермей АЭС салу жөнінде шешім қабылданбайды" деп мәлімдеді. 


Ресей бұдан соң АЭС мәселесін бірнеше рет қозғады. Биыл ақпан айында Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин кремльшіл "Комсомольская правда в Казахстане" басылымына берген сұхбатында "Ресей Қазақстанда әлі де АЭС салғысы келеді" деп мәлімдеген.




 





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net