Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2021

"Келіссөзден нәтиже болмады". Жаңаөзенде "КЕЗБИ" компаниясы жұмысшыларының ереуілі жалғасты

0
Жаңаөзенде сәрсенбіде басталған "ӨзенМұнайГаз" компаниясының мердігері "КЕЗБИ" мекемесі жұмысшыларының ереуілі жалғасып жатыр. Жұмысшылар 30 маусым күні болған келісім комиссиясы өкілдерімен келіссөзден ешқандай нәтиже болмағанын айтады. Жұмыс толық тоқтаған. Ереуілдегендер кешке қарай түнгі ауысым жұмысшылары келіп ереуілді таң атқанша жалғастырғандарын айтты. 


Жаңаөзенде 1 шілде күні "КЕЗБИ" компаниясының  ереуілдеген 600-ге тарта жұмысшысы кеңсе алдына қайта жиналды. Сәрсенбі түнінде түнгі ауысымның жұмысшылары компания ғимараты алдында таңды атырған. Компанияда жұмыс толық тоқтаған. 


- Мәселе өте көп. Осы жігіттердің еңбегін табельге түсіремін. Біздер басшылардың айтуы бойынша, 440-760 сағат үшін 15% үстеме қоюымыз керек. Бірақ іс жүзінде жоспарды 700-800 сағатқа орындаймыз, сол себепті 60%  үстеме қоямыз, оны төлемейді.  Адамдардың ақысы төленбей отыр, - дейді  өзін 20 бригада шебері Бақытжан Байжанов деп таныстырған жігіт. 


Жиналғандарға облыс әкімі Серікбай Тұрымов  келді. 


– Құзырлы орындармен құрылған комиссиямен отырып қазір жұмыс жасаймыз. Сіздерге шешімін айтамыз, - деді ол наразы жұмысшыларға. 


30 маусымда еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, жұмысты тоқтатқан "КЕЗБИ" мекемесі жұмысшыларымен келіссөз комиссиясы құрылған. Оған наразы жұмысшылар өкілі ретінде Азамат Жапаров, Жолмұрат Ұлықпанов, Баймұрат Әжекенов, Сәбит Молдабеков кірген. Кешкі тоғыздарда аяқталған комиссия жұмысына жиналғандардың  көңілі толмады. Олар талаптарының бірде-біреуінің шешілмегені айтады. 


Жұмысшылардың талаптары төмендегідей:



Жалақыны көтеріп, сыйақы төлеу жүйесін қайта қарастыру;
Мереке күндерінде жасалған жұмыстар мен зиянды аймақтағы жұмыс үшін ақы төлеу;
Жұмысшыларды еңбек өтіліне қарай қызмет жағынан көтермелеу;
Еңбек демалысына қосымша сауықтыру орындарына баруды қамтамасыз ету;
Ұңғымаларды жөндейтін шеберлерге жағдай жасау;
Бұрғышылардың қасына көмекші беру;
Стандартқа сай құрал-сайманмен қамтамасыз ету;
2019 жылдың қаңтарынан бастап жұмысшыларға берілетін қаражат туралы есеп беру.


1992 жылы құрылған "Кезби" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Маңғыстау облысындағы мұнай компанияларына ұңғымаларды жөндеу бойынша қызмет көрсетеді. Ол Жаңаөзендегі ең ірі мұнай компаниясы "ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамының мердігер мекемесі. Мұнда жалпы саны 27 бригада бар. Компанияда 1200-ге жуық адам жұмыс істейді. 




 





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net