Добавить новость
123ru.net
World News
Декабрь
2020

"Онлайн ақша тіккен". Алматы әскери академиясында өзіне қол салған курсантқа қатысты ақпарат шықты

0

Алматыда әскери академияда өзіне қол жұмсаған курсант Саламат Өтегеновтің өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Тексеріс жүргізіп жатқан ІІМ жанындағы арнайы комиссия ол курстастарынан түрлі көлемде қарыз алып, букмекер контораларына ақша салғанын анықтады. Бұл туралы ІІМ Кадр саясаты департаментінің басшысы Айдар Сайытбеков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев академияда курсанттың қаза болуына байланысты кешенді тексеру жүргізіп жатқан ІІМ Махан Есболатов атындағы Алматыда академиясына барды. Тексерістің алдын ала нәтижелері туралы ведомство басшысына арнайы топтың басшысы ІІМ Кадр саясаты департаментінің басшысы Айдар Сайытбеков баяндады. Бұл туралы ведомствоның онлайн-брифингінде айтылды.

"Оның (Айдар Сайытбековтің - ред.) айтуынша, оқу орнының тұрмыстық жағдайы, материалдық-техникалық жабдықталуы ғана емес, оқытушылар мен курсанттар арасында моральдық-психологиялық ахуал да зерделенуде. Қазіргі уақытта жүйелі ақша жинауды көрсететін өрескел заңбұзышылықтар анықталмаған. Сонымен қатар, курсанттар туыстарының оқу орнындағы қысым туралы хабарламалары да мұқият қаралуда", - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

ІІМ Кадр саясаты департаментінің басшысы Айдар Сайытбеков Саламат Өтегеновтің букмекер контораларында онлайн ақша салғанын және курстастарынан жиі қарыз алғанын айтты.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев комиссиямен Техникалық факультеттің 3-курс курсанты Саламат Өтегеннің өліміне қатысты ІІМ академиясын кешенді тексеру үшін келді. (...) Кешенді тексеру барысында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Соған сәйкес Өтегенов өзінің курстастарынан түрлі көлемде қарызға ақша алғаны анықталды. Сондай-ақ ол букмекер конторында онлайн ақша тіккен. Қазір ата-аналар уәжінің шындығы, академиядағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдай тексеріліп жатыр. Министр Өтегеновтің курстастары және педагогтермен кездесті. Оқиғаның құқықтық бағасы сотқа дейінгі тергеу аяқталған соң белгілі болады", - деді Айдар Сайытбеков.

Еске салайық, Алматыдағы ІІМ академиясында 19 жастағы Саламат Өтегенов асүй қоймасында асылып қалған күйі табылған болатын. Оның денесі Оралға жеткізіліп, жерленді.
Қайғылы оқиға 13 желтоқсанда болған. Сол күн ІІМ академиясындағылар Саламаттың ата-анасына қоңырау шалып, баласы өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлаған. 15 желтоқсанда Саламаттың денесі Оралға жеткізілді. 16 желтоқсанда Саламат Ақжайық ауданының Шабдаржап ауылында жерленді. Журналистер Саламат Өтегеновтің анасымен сөйлескен еді. Бекзат Иманғалиева отбасындағы қиындықтар туралы айтып берді. Анасының айтуынша, Саламат бірінші курстан бастап ата-анасынан ақша сұрай бастаған, оның ішінде қысқы сессияны тапсыруға 80 мың теңге де сұраған кездер болыпты.
Алматыдағы Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанты Саламат Өтегеновтің қаза болуына байланысты Алматы қаласының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, оның барысында қаза тапқан курсанттың туыстары баяндаған барлық дәлел тексерілді. 
Тексеріс қорытындысы бойынша ІІМ-де тәртіптік комиссия өтті. Ішкі істер министрінің бұйрығымен сеніп тапсырылған бөлімшеде жұмысты ұйымдастыруға тиісті бақылау болмағаны үшін академия басшысы Өмірбай Смайылов қызметінен босатылды.
Сондай-ақ Саламат Өтегеновтің анасына басқа курсанттардың ата-аналары оқу орындарында ақша жинау, қысым көрсету фактілері барын айтқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net