Өскеменде ауа ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды
Өскеменде ауа сапасы нашарлауына байланысты бірінші және екінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары 30 қаңтардан бастап қашықтан оқуға көшірілді. Қалада үш күннен бері "екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдай" сақталып тұр. Бұл жөнінде Қазақпарат жазды. Мұндай шешім балалардың денсаулығына қатер төндірмеу мақсатында қабылданған деп айтылады. "Қолайсыз ауа райы кезінде бірінші кезекте оқушыларымыздың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты маңызды. Сондықтан оқушыларды уақытша қашықтан оқуға көшіру туралы шешім қабылданды" деді жергілікті білім басқармасы. Читать дальше...
