Дәрігерлерге шабуылдан кейін ауруханаларда күзет күшейтілетіні хабарланды
Қазақстанда дәрігерлерге шабуыл жиілегеннен кейін ауруханаларда күзет күшейтілетіні хабарланды. Бір күн бұрын Қостанайда ауруханаға барған науқастардың бірі хирургты ұрып-соққан. Аурухана өкілдерінің айтуынша, облыс тұрғыны ота жасап жатқан хирургты күткен. Дәрігер келген кезде ер адам кезегін күтуден бас тартып, хирургқа жұдырық жұмсаған. Хирург есінен танып қалған. Ол реанимацияға ауыр жағдайда жеткізілген. Ізінше хирург медавиация ұшағымен Астанадағы медицина орталығына емдеуге ауыстырылатыны белгілі болды. Читать дальше...
