ОҚО: Мақтааралдық шаруалар қауын-қарбыздың алғашқы легін Ресейге жөнелтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында бақша өнімдерін өндірумен танымал Мақтааралда қауын-қарбыз пісті. Ерте пісетін бақша дақылының түрін еккен шаруалар бүгінде 55 тонна қауын, 45 тонна қарбыз жинап, алғашқы өнімін Ресей мемлекетіне жөнелте бастады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
