Добавить новость
123ru.net
World News
Январь
2019

Қорықшының туысы: Полицияның кейбір сөзімен келіспейміз

0
Астанада 21 қаңтарда браконьерлер шабуылынан қаза тапты деген қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің серіктері мен туыстары жиналып, билік органдарының қорықшы өліміне қатысты таратқан кейбір ақпаратымен келіспейтіндерін мәлімдеді.


"Номад" тұрғын үй кешенінің алдына жиналғандар полицияның қорықшының өліміне қатысты таратқан кейбір мәліметін жоққа шығарды. Өзін" Ерлан Нұрғалиевтің келінімін" (інісі Нұрлан Нұрғалиевтің әйелі) деп таныстырған Құралай Әлімованың айтуынша, шабуыл жасалған 13 қаңтар күні күйеуіне таныстары хабарласып, ағасының оқыс жағдайға ұшырағанын хабарлаған.


- Күйеуім 13 қаңтар күні кешке естіп, сағат кешкі 9-да (шабуыл болған жерге - ред) шығып кетті, таңғы сағат 6-да Астанадағы ауруханаға ағасын өзі алып барды. Сол уақыт аралығында жедел жәрдем, не тікұшақ жібермеген, - деді Құралай Әлімова.


Ол ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың "14 қаңтар күні түске дейін тікұшақ ұшыруға ауа-райы қолайсыз болды" деген сөзін де жоққа шығарды.


Жиналғандар әдетте киік атуға шығатындар арасында "міндетті түрде бұрынғы полиция өкілдері болатынын" айтып, "оқиғаға куә болғандардың", яғни екінші көліктегі адамдардың кім екенін жариялауды талап етті. Өзін Ерлан Нұрғалиевтің жолдасымын деп таныстырған Абзал Масабаев:


- Сол төртеуінің фамилиясын неге айтпайды? Соның ішінде біреуі бұрынғы полицей, біз бәрін біліп отырмыз. Күдікті үшеуі бас-аяғы жеті адам болған, төртеуі міне осындай деп мойнына алып тұр, - деді. 


Ауылшаруашылығы министрлігі 15 қаңтарда Қарағанды облысының Нұра ауданында "Охотзоопром" республикалық мекемесінің инспекторы киіктер мен сирек кездесетін жануарларды қорғау рейді кезінде браконьерлер қолынан ауыр жараланып, қайтыс болғаны туралы ақпарат таратқан. Министрлік мәліметінше, 13 қаңтарда кешке Toyota Land Cruiser көлігіндегі белгісіз үш адам олардың ізіне түскен инспекторлар Ницык пен Нұрғалиевке қарсылық танытып, шабуылдаған. Арада екі сағаттан астам уақыт өткенде полиция мен инспекторлар шабуылдан жараланған инспекторларды тапқан. Басынан ауыр жараланған Ерлан Нұрғалиев 14 қаңтарда Астанадағы №1 қалалық емханаға жеткізілген. Бір күннен артық ес-түссіз жатқан Нұрғалиев 15 қаңтарда қайтыс болған.


17 қаңтар күні журналистер сауалдарына жауап берген министр Қалмұханбет Қасымов "браконьерлердің екі көлікпен жүргенін, "қылмысты бір көліктегі үш адам жасағанын" айтқан. Оның сөзінше, полиция қылмысқа күдіктілерді екінші көліктегі адамдар арқылы анықтаған. Министр "Жаралы қорықшыны ауруханаға жедел жеткізуге не себепті тікұшақ жіберілмеді?" деген сауалға "14 қаңтар күні түске дейін ауа-райы ұшуға қолайсыз болды" деп жауап берген.


Бүгін ішкі істер министрлігі қорықшы өліміне қатысы бар деген күдікті үш адамның Қызылордада ұсталғанын хабарлады.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net