Заңсыз такси жүргізушілері көлігінен айырылуы мүмкін
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда заңсыз адам тасымалдайтын таксишілер салық төлемегені үшін көлігінен айырылып қалуы мүмкін. Қазір құқық қорғау органдары алматылық таксишілердің салықтық органдарда тіркелуін тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
