Атырау облысында 11 жасар қыз суға батып кетті
![Атырау облысында 11 жасар қыз суға батып кетті](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2022/news_341712/thumb_b/photo_102944.jpeg)
Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Хиуаз ауылының шетіндегі Шароновка өзеніне 11 жасар қыз батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ол рұқсат етілмеген жерде суға түскен.
Оқиға 13 тамыз сағат 13:50 кезінде болған.
"Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Хиуаз ауылының маңында 2011 жылы туған қыз Шароновка өзеніне батып кетті. Оны сағат 15:40-тан бастап 25 адам іздеді. Сағат 23:00-де іздеу жұмыстары таңға дейін тоқтатылды.
14 тамызда сағат 8:45-те жергілікті тұрғындар қыздың денесін тауып алып, судан шығарды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!