Мы в Telegram
Добавить новость
123ru.net
Tengrinews.kz
Октябрь
2021

Нарынқолда Мұқағали ескерткіші ашылды

0
Нарынқолда Мұқағали ескерткіші ашылды

Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Мелекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Хантәңірі мұзбалағының туған жері Қарасазда болып, ауыл тұрғындарымен кездесті, сол сияқты музейге ақынның қобызын тапсырды. Осы күні Нарынқол ауылында 50 отбасына жаңа үйлердің кілті тапсырылды. Орталық алаңда алып тұлғаның еңселі ескерткіші ашылды. Мерейтойлық шараларға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ақынның ұлы мен келіні Жұлдыз Мақатаев пен Бақытгүл Айдарова, ТҮРКСОЙ ұйымының өкілдері, Парламент депутаттары, ел зиялылары және аудан жұртшылығы қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мерейтойлық шараның мән-маңызына Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев өз сөзінде кеңінен тоқталды. "Мұқағали - жырдың асыл қазынасы. Ол - өткен мен жаңаның арасын жалғаған алтын көпір. Елбасы мен Президенттің бастамасымен ақынның ғасырлық тойын ЮНЕСКО көлемінде өткізуге ұсыныстар дайындалуда. Бүгінгі той құтты болсын. Халқымыздың рухы Мұқағали жырларындай таза, Хантәңіріндей асқақ, Көлсайдай көрікті болсын", - деген Қырымбек Көшербаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтауын оқып, табыстады.

Мұнан соң Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, ТҮРКСОЙ ұйымының өкілі Атагелді Күлтегін Мұқағалидың - қазақтың ғана емес, тұтас түркі әлемінің, адамзаттың ақыны екенін тілге тиек етіп, тойдың рухани маңызын ерекше атап өтті.

Облыс әкімі Амандық Баталов шекаралық аймаққа көрсетілген қолдауларға тоқталды:

"Ақиық ақынымыз  Мұқағалидың 90 жылдық мерейтойы үлкен деңгейде аталып өтілуде. Президент тойға өз құттықтауын, көпшілікке ыстық сәлемін жолдады. Елбасының қолдауымен 2 ауданды бөлу арқылы Райымбек ауданының қайта құрылып, бүгінде гүлденіп жатқанын мақтанышпен айтамыз. Бұл - Тәуелсіздіктің жемісі. Қазір шекаралық аумақтағы ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайы жақсарып келеді, қаншама жаңа нысандар бой көтерді, жаңа үйлер салынды. 500-ден астам отбасы Нарынқолға қайта көшіп келді. 2 жарым мың жас туған жеріне оралды. Мұқағалидай ақыны бар қазақ халқы бақытты. Ақынның рухы жас ұрпақты қолдап жүрсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын", - деді Амандық Баталов.

Парламент депутаты, ақын Мақпал Мыса, Мұқағалидың ұлы Жұлдыз Мақатаев ақын рухына арнап өз өлеңдерін оқыды. Бұдан әрі мерейтой Орталық алаңда ақынның сөзіне жазылған әндердің Гала концертімен жалғасты.

Атап өтсек, ескерткішті дайындауға облыстық бюджеттен 61,1 миллион теңге жұмсалды. Жұмысты мердігер ұйым "Тайқазан" ЖШС атқарды. Ескерткіш қоладан құйылған, тұғыры граниттен дайындалған. Жалпы ескерткіштің биіктігі - 8,2 метр, авторы - сәулетші А.Рүстембеков, мүсіншісі - Қ.Кәкімов.

Сондай-ақ осы күні Нарынқол ауылында 50 отбасы баспаналы болды. Жаңа қоныс иелеріне тұрғын үй кілттері салтанатты жағдайда тапсырылды. Нарынқол ауылында салына бастаған 83 үйдің 33-і бұған дейін тапсырылған болатын. Ал бүгін жобаның 3 және 4-ші кезеңдері аяқталып, 50 үй беріліп отыр.

Жалпы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына дайындыққа Алматы облысы өткен жылдан кіріскен еді. Мерейтойды өткізуге жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Айтулы шараға орай құрылған арнайы жұмыс тобын облыс әкімі Амандық Баталов өзі басқарып, әзірлікті құрылыс және көркейту жұмыстарынан бастаған, әрі олардың сапалы атқарылуын назарда ұстады.

Алдын ала дайындық барысында Қарасаз ауылындағы ақын музейіне, мәдениет үйіне, А.Барманбекұлы атындағы орта мектепке жөндеу жұмыстары жасалып, нысандар жаңа кейіпке енді. Елді мекеннің орталық көшелері, орталық алаңы абаттандырылып, көше шамдары орнатылды. Ауыз су жүйесі "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасының аясында республикалық бюджеттен бөлінген 427,1 миллион теңгеге қайта жаңғыртудан өткізіліп жатыр. Қарасаз ауылында өнер мектебін салу да - мерейтой аясындағы маңызды бастамалардың бірі. Қазір нысанның жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Ауылға кіреберістегі Жастар саябағы абаттандырылды. Іргелес Сарыжаз ауылында Райымбек батыр ескерткішінің маңы көркейтіліп, ескерткіш жанындағы су жүйесі жөндеуден өтті, ауылдың орталық көшелері көз сүйсінер кейіпке келтірілді.

Биылғы жылы 3 гектар аумағы бар Мұқағали атындағы жаңа саябақтың құрылысы басталды. Құны 374,5 миллион теңгелік жобада концерттік сахна, шағын футбол алаңы, балалар алаңы, воркаут спорт алаңы, аллея, демалыс аймағы қарастырылған. Сол сияқты аудандық әкімдік ғимаратының жанынан шағын саябақ салына бастады. Ал аудандық мәдениет үйінің алдындағы сквер мен орталық саябақ толық абаттандырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Собянин расширил программу стимулирования создания мест приложения труда


Спорт в России и мире
Москва

В районе Вороново появится новый крупный стройкластер


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Людмила Самсонова

Самсонова вышла во второй круг турнира в Хертогенбосе


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Метеоролог рассказала о возвращении в Москву аномальной жары





Путин в России и мире
Москва

Путин обратился с приветствием к участникам Спортивных игр стран БРИКС


Лукашенко в Беларуси и мире
Минск

В Минске сообщили о телефонном разговоре Путина и Лукашенко




123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

Путин готовится отрезать Киев и прогнать Зеленского – американский полковник


Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Сергей Рахманинов

Всенощное бдение Рахманинова исполнят в Исаакиевском соборе в День России



Москва

Определены временные рамки для завершения доклинических испытаний вакцины против рака

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net