Мы в Telegram
Добавить новость
123ru.net
Tengrinews.kz
Июнь
2021

Бір нәрсені қаласам ештеңе кедергі бола алмайды - ER-BATYR жобасында Құмар Лұқман

0
Бір нәрсені қаласам ештеңе кедергі бола алмайды - ER-BATYR жобасында Құмар Лұқман

ER-BATYR жобасында - танымал КВН-ші, автор әрі актер Құмар Лұқман. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында ТНТ арнасында жұмыс істеу мүмкіндігі туған кезде өкініп не өкінбегені, әйелінің қай қасиетін бағалайтыны туралы, өзгелердің қандай қасиеті өмірінде көмектесетіні, сондай-ақ ол үшін бақыт деген не екенін әңгімеледі. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Эфир қонағы КВН-ге деген көзқарасы қандай екенін айтты.

"Ол менің бір бөлігімдей, оған 20 жыл уақытымды арнадым, мен де "Кумар веселый и находчивый (КВН), (көңілді және тапқыр Құмар) шығармын, осы үш әріптен өзімді таптым. Спортта, оқуда жолым болмады, үнемі соңғы орындар алатынмын, ал бұл салада бір нәрсе сездім", - дейді актер.

Құмардың сөзінше, ол кейде ТНТ арнасында жұмыс істеуден бас тартқанына өкінеді.

"Кейде сол туралы ойлағанымда бір өкініш пайда болады - неліктен бармадым, неге байқап көрмедім деген секілді. Вячеслав Досмухаметов (ТНТ-нің креатив продюсері - еск.) мені актер ретінде шақырған. Бірақ Нұрлан Қоянбаевпен сөйлесіп, чемпион атанғаннан кейін Қазақстанда жұмыс істеп, контент дамытып, жаңа дүниелер ойлап табамыз деп шештік. Бірақ чемпиондық атақты жеңіп ала алмадық, арман күйінде қалды, өмірдің қалтарыс-бұлтарысы да әсер етті. Финалда екінші орын алғанымызда әйелім келіп әжеміз қайтыс болғанын айтты. Сол сәттен бастап концертке де, гастрольге де шамам болмады, жігіттер өздері кетті, мен үйге қайттым. Тағдыр ма, әлде не екенін білмеймін - бірақ жаныма жақын адамдардан сахнада жүргенімде айырылып қаламын - әкем, әжем, ұлым. Бірде жылап, бірде күлеміз демекші", - дейді ол.

Актер жарының қандай қасиетін бағалайтынын айтты.

"Оның маған сенім артып, қорықпай, бірге келгенін бағалаймын. Мен жалпы өзім жалғыз барып, оның ата-анасымен танысқанмын. Бұрын бұл туралы айтқан емеспін, бірақ менде белгілі бір қорқыныш болатын. Алайда менің бір қасиетім бар - егер маған қажет болса ешнәрсе кедергі бола алмайды. Бірнәрсе сеземін де жасқаншақтығым екінші орынға түсіп кетеді де алға қарай танк секілді кетесің. Бұл қасиетім жиі байқала бермейді, бірақ нақты қажет кезде болады", - дейді актер.

Сонымен қатар, Құмар адам бақыты туралы ойын айтты.

"Менің бақытым қазір менің қолымда - ол менің отбасым, жақындарым, жұмысым мен достарым. Сол бақытты менің жанымда көбірек, солардың ортасында жүріп бөліссе екен деймін. Құдай сол бақытты күндерден ұзағынан рахат алуға жазсын. Меніңше, бақыт деген бәріміз", - дейді ол.

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, шоумен және тележүргізуші Марат Оралғазин, коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев, "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов, кәсіпкер Райымбек Баталов, медиамагнат Арманжан Байтасов, Asar-ume қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев, Ninety one тобының продюсері Ерболат Беделхан, продюсер және актер Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. Жобаның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы - erbatyrkz.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин утвердил проект комплексного развития территорий на юге Москвы


Спорт в России и мире
Москва

Росгвардейцы обеспечили безопасность болельщиков во время матча чемпионата России по регби


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
ATP

Итальянский теннисист Синнер стал лучшей ракеткой мира в рейтинге ATP


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

ЧЕЧНЯ. Мощность МПЗ «Экотехнопарк» в ЧР составит 350 тысяч тонн в год





Путин в России и мире
Москва

Путин обратился с приветствием к участникам Спортивных игр стран БРИКС


Лукашенко в Беларуси и мире
Минск

В Минске назвали враждебные заявления Пашиняна политической истерикой




123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

Американский полковник: ВС РФ готовятся к окружению Киева, и Зеленский будет собирать чемоданы


Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Игорь Бутман

«Приносит деньги!»: Бутман заявил о нераздельности культуры и экономики



Москва

Экс-политик Ирина Хакамада опубликовала архивное фото из своей юности

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net