Мысырда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 32 адам қаза тапты
Мысырдың Сохаг провинциясындағы Тахта қаласының маңында екі жолаушылар пойызы соқтығысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еgypttoday басылымына сілтеме жасап.
Youm7 порталының мәліметіне сүйенсек, үш жолаушылар вагоны рельстен шығып кеткен.
Мысырдың Денсаулық сақтау министрлігі кем дегенде 32 адам қайтыс болғанын, тағы 66 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!