Мы в Telegram
Добавить новость
123ru.net
Tengrinews.kz
Март
2021

Қуғын-сүргін құрбандарының жұбайлары туралы не білеміз?

0
Қуғын-сүргін құрбандарының жұбайлары туралы не білеміз?

Еліміздің тарихында 1937-1938 жылдар репрессия құрбандарымен есте қалды. Қазақ зиялылары "халық жауы" деп айыпталып, атылған болатын. Әйелдері де қамалып, бірнеше жылын лагерьлерде өткізген. Босап шыққан соң да, олар жарының атын ақтау үшін күрескен. Tengrinews.kz тілшісі "халық жауы" деп атылған зиялылардың отбасы мен олардың тағдырын баяндайды.

Сәкен Сейфуллиннің жары Гүлбаһрам

Сәкен Сейфуллин болашақ жары Гүлбаһраммен 1925 жылы танысқан. Ол кезде Сейфуллин танымал ақын, қоғам қайраткері болған. Ал Гүлбаһрам Совпарт мектебінде оқитын 17 жаста оқушы болған екен.

Олардың таныстығы былай болған: Сейфуллин бірде ақын Қайып Айнабековтің үйінде бірнеше күн қонақтайды. Кейін Қайып Сәкен арқылы Қызылжарда оқып жатқан немере қарындасы Гүлбаһрамға сәлемдеме жібереді. Сәкен Сейфуллин Гүлбаһрамды тауып, оған сәлемдемесін тапсырады. Ақын сол кезде ғашық болып қалған.

Сәкен Сейфулин мен жары Гүлбаһрам Сейфуллина

Екеуі 1926 жылы отау құрып, 1930 жылы Лаура есімді қыз дүниеге келеді. Бірақ ол кішкентай кезінде ауырып, шетінеп кетеді. 1936 жылы отбасы ұлды болады, есімін Мұхтар Әуезов Аян қойған.

Бірақ отбасы бақыты ұзаққа созылмады. 1937 жылы Сәкен Сейфуллин "халық жауы" деген жаламен түрмеге қамалады. Сәкен мен Гүлбаһрам соңғы рет 1938 жылы ақпанда түрмеде кездеседі. Бір жылдан кейін Сәкен Сейфуллин атылып, Гүлбаһрам АЛЖИР-ге (Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) жіберіледі. Ақмолада жүргенде Аян да ауырып, дүниеден өтеді.

Гүлбаһрам жарының атын ақтап алу үшін бармаған жері жоқ. 1940 жылы КСРО бас прокуратурасына арыз жазған, бірақ ол қаралмаған. Соған қарамастан ол ондаған жыл бойы түрлі мекемені аралап, арыз, өтінішін тоқтатпайды. Нәтижесінде 1957 жылы наурызда Сәкен Сейфуллинді ақтап алады.

Ақын туындыларының бізге жетуі де Гүлбаһрамның арқасы. Сәкеннен қалған қолжазбаларды жариялап, бұйымдарын музейлерге өткізген. Гүлбаһрам 1973 жылы көз жұмған.

Бейімбет Майлиннің жары Күнжамал

Ақын Бейімбет Майлинмен танысқан кезде Күнжамал да 17 жаста болған. Екеуі отау құрған соң өмірге бес перзент әкеледі - Әукен, Рәзия, Мереке, Еділ, Гүлсім.

Отбасы 1937 жылға дейін бақытты өмір кешеді. Сол жылы басқа зиялылар секілді Майлин де тұтқындалады. Ақын ұсталғаннан кейін НКВД адамдары оларды үйінен қуып, Күнжамал бес баласымен далада қалады.

Сөйтіп, Күнжамал бес баласымен екі бөлмелі үйдің бір бөлмесіне көшеді. Бір бөлмесіне төрт баласымен Ілияс Жансүгіровтің жары Фатима жайғасыпты. Екеуі күн сайын алма кезек абақтыны аралайды.

Күнжамал Майлина

Бейімбет Майлин ұсталғаннан кейін Күнжамал жарымен жиі кездесуге тырысады. 1938 жылы ақпанда түрмеге кезекті рет барады. Бірақ жарымен кездесуге рұқсат бермепті, тек қолына Бейімбеттің киімдерін ұстатқан. Кейін ғана Күнжамал жары атылғанын білген.

Бейімбет атылғаннан кейін 46 күннен соң Күнжамал да қамалады. "Халық жауының әйелі" деген жаламен Күнжамал Майлина РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабы бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын АЛЖИР-де өтейді. Лагерьде мал бағумен күн өткізеді. Ал бес бала балалар үйіне жіберіледі.

Гүлжамал лагерьден 1945 жылы шығып, қызы Рәзияның отбасына барады. 1974 жылы өмірден өтеді. Сәкен Сейфуллин секілді Бейімбет Майлин де 1957 жылы ақталды.

Ұзақбай Құлымбетовтің жары Әйіш

Ұзақбай Құлымбетов 1935-1937 жылдары Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті төрағасы қызметін атқарған. Республикадағы өнеркәсіптің қалыптасуына, Түрксіб сияқты теміржол құрылысының салынуына, Қызылорда, Алматы қалаларының астана болып қалыптасуына тікелей басшылық жасаған.

Құлымбетовтің кезінде автономиялық республика одақтас республика мәртебесін алды. Сол кезде Құлымбетов Қазақ ССР-дің жаңа конституциясын жасауда басы-қасында болды. Республиканың елтаңбасы болуы керек деген ұсыныс енгізіп, оны бекіттірді.

Тігін кәсіпорындарын дамыту арқылы индустрияға өтіп, өндіріске қазақ жастарын тарту керегін айтқан. Ол жыл сайын жұмысын жақсы істеген 50-60 жасты Ресейдің өндіріс орындарына жіберіп, мамандығын арттыртып, елге келгеннен кейін өз өндірісін өзі басқарсын деген. .   

Сондай-ақ, ол Қазақстанда Карлаг, АЛЖИР секілді лагерьлер салынуына қарсы болған.

Ұзақбай Құлымбетов пен жары Әйіш

Ұзақбай Құлымбетов 1937 жылы қыркүйекте "халық жауы" деген жаламен қамауға алынған. 1938 жылы 22 наурызда атылды.

Артынша оның жары Әйіш Құлымбетова да ұсталған. Ол Ақмола мен Қарағанды арасындағы 26-нүкте деген жерге орналастырылған. Ол жақта киім тіктірген, қамыс орғызған, жер қаздырған, сиыр саудырып, мал баққызған. Түнде қой күзеткен. Осылайша, Әйіш Құлымбетова АЛЖИР-де сегіз жылын өткізген.

Олардың Ақтөре, Кәбира, Бостан, Марат, Орынша, Болат есімді балалары тағдырдың тауқыметін тартып, әркімнің босағасында күн кешкен.

Ұзақбай Құлымбетов 1958 жылы ақталды. Әйіш Құлымбетова түрмеден оралған. Аяулы ана 75 жасында Алматыда қызы Орыншаның отбасында қайтыс болып, Кеңсайда жерленді. 

Қандысайдың құпиясы немесе 19 комиссардың бірі Ұзақбай Құлымбетов қазаққа қандай еңбек сіңірді?

Тұрар Рысқұловтың жары Әзиза

Тағы бір мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың да отбасы репрессия құрбанына айналған. Тұрар жары Әзизамен 1931 жылы отау құрған. Отбасы жеті жыл ғана бірге өмір сүрген. 1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов "халық жауы" деген жаламен тұтқынға алынған. Арнайы күзет оны Мәскеуге жеткізген. Сол жақта сегіз ай бойы түрмеде болып, 1938 жылы ақпанда атылған.

Рысқұлов ұсталған кезде отбасының Рида есімді нәрестесі болатын. Сол кезде 26 жастағы Әзиза да жаңа туған қызымен бірге түрмеге қамалады. Кейін тағы бір қызы Сәуле мен Рида екі түрлі балалар үйінде тәрбиеленеді. Ал 17 жастағы ұлы Ескендір тұтқындалып, көп ұзамай ауырып қайтыс болады.

Тұрар Рысқұлов пен Әзиза Рысқұлова. © "Хабар" телеарнасы

Әзиза "халық жауының әйелі" деген бап бойынша он жылын АЛЖИР-де өткізеді. Оның анасы Ғарифа Есенғұлова да Рысқұловтың енесі болғаны үшін АЛЖИР-ге жіберіліп, сонда қайтыс болады.

Әзиза лагерьде жүргенінде ветеринарлық дәрігер болып жұмыс істейді. Жануарлар дәрігері бола жүріп, керек емес деп лақтырылған малдың дене мүшелерін аш адамдарға беріп отырған. Әзиза 37 жасында босап шықты. Лагерьден оралғаннан кейін өз мамандығы бойынша қалалық ветеринарлық-санитарлық қызмет жүйесінде дәрігер болып жұмыс атқарған.

Тұрар Рысқұловтың өзі 1956 жылы 8 желтоқсанда ақталған. Алжир туралы фильмде Әйіш фамилиясында емес, басқа текпен көрсетілген. 

"Түрме баласы" атанған Тұрар Рысқұловтың өмір жолы

Темірбек Жүргеновтің жары Дәмеш

Темірбек Жүргенов те халыққа мемлекет қайраткері ретінде танылған. Еңбек жолында қазақ мектебінің дамуына ат салысқан. 1933-34 жылдары Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды. Сол кезде қазақ орта мектептерінің саны артты. Ұлттық мәдениетті өркендету үшін жұмыс істеген.

Жүргенов жары Дәмешпен 1924 жылы Ташкентте танысқан. Дәмеш медицина факультетіне оқуға түскен кезі екен. Ал Темірбек заң факультетінің жоғарғы курсында оқиды. Дәмеш болашақ жарынан сегіз жасқа кішкентай болған.

Дәмеш Ермекова. Фото: "Ақтөбе" газеті

Бірнеше жылдан кейін Темірбек Өзбек КСР-інің Халық ағарту комиссары болып тағайындалған соң Дәмеш екеуі бірге тұра бастаған. Шоратай есімді баласы дүниеге келген. Бірақ ол кішкентай кезінде көз жұмған.

1937 жылы 2 тамызда Темірбек Жүргенов ұсталған. Оған да тағылған айып - "халық жауы". Ал 1938 жылы ақпанда атылған. Көп ұзамай Дәмеш те ұсталды. "Халық жауының әйелі" атанған ол 1946 жылға дейін КАРЛАГ-та жазасын өтеді.

1957 жылы 18 сәуірде Жүргенов кінәсіз жазаланғаны анықталып, ақталды. Ол ақталғаннан кейін Дәмеш өмірін жарының тарихтағы орнына қатысты әділеттілікті біржола қалпына келтіріп, оның есімін ұлықтау үшін көп жұмыс істеген.

Одан бөлек, Дәмеш 1956-1973 жылдары Алматы медициналық институтында оқытушы болған. 1966 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері атанған. Ол 1990 жылы 85 жасында өмірден озды.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Собянин расширил программу стимулирования создания мест приложения труда


Спорт в России и мире
Москва

В районе Вороново появится новый крупный стройкластер


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Ролан Гаррос

Испанец Алькарас выиграл Открытый чемпионат Франции по теннису


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Едят даже птиц. Чем опасны для экосистемы Москвы пришлые испанские слизни





Путин в России и мире
Москва

Многоходовка Путина опять сработала. Китай строит дорогу в обход России, но Москве это на руку


Лукашенко в Беларуси и мире
Минск

Минск подтвердил готовность наращивать сотрудничество с Баку




123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

Американский полковник: ВС РФ готовятся к окружению Киева, и Зеленский будет собирать чемоданы


Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Денис Мацуев

Денис Мацуев и Симфонический оркестр Мариинского театра откроют фестиваль «Гений места»



Москва

Отдала «сотрудникам ФСБ» 50 млн руб – деньги, облигации и машину

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net