Мы в Telegram
Добавить новость
123ru.net
Tengrinews.kz
Февраль
2021

"Жарым алдап алып кетті" - 16 жасында Сирияға жігітінің соңынан кеткен қазақ қызы

0

Таяуда Сириядан бірқатар қазақстандық елге оралды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. "Жусан" операциясы бойынша Сириядағы қазақстандықтар 2019 жылдан қайтарыла бастаған. Елге оралғандардың әрқайсының өз оқиғасы бар. Tengrinews.kz тілшісі 2019 жылы алғашқылардың бірі болып елге оралған Малика Рахимановамен сөйлесіп, Сирияға қалай кеткенін, сондағы өмірі туралы әңгімелесті.

Маликаның жасы 23-те. Алматы облысында дүниеге келген. Әкесі мен ағасы намаз оқиды екен.  

"Өзім де дінге жақын болатынмын. Кейін мен де намаз оқып бастадым. 9-сыныптан кейін колледжге оқуға түсемін деп шештім. Оқуға ақша керек болған соң, Алматы қаласындағы халал кафелердің біріне жұмысқа тұрдым. Сол жақта намаз оқитын ер адаммен танысып, ол кейін үйленуге ұсыныс жасады. Ағам арқылы үш кездесу ұйымдастырып, дін бойынша некемізді қидық. Отбасы құрған соң, екеуіміз біраз уақыт Алматыда тұрдық. Жолдасым отбасын сауда жасап асырап келді. Бірақ ол ақша жетпей қалатын, болашағымызды да ойлау қажет. Сондықтан, жарым Түркияға барып жұмыс істеймін деді. Ал мен оның жұбайы болған соң, өзімен бірге баруымды талап етті", - дейді Малика.

Бұл 2014 жыл болатын. Сөйтіп, Маликаның жары бірінші өзі Түркияға кетіп қалған.

"Жолдасым шешімді тез қабылдап, Түркияға билет алып қойыпты. "Бірінші өзім барамын, жұмыс шығып жатса, сені шақырамын" деді. Сөйтіп, өзі Түркияға ұшып кетті. Арада бір айға жуық уақыт өткен соң, мені Түркияға шақырды. Жастықпен сеніп, жұбайымның соңынан мен де Түркияға кеттім", - дейді ол.

Басында Маликаның ата-анасы қызын Түркияға жіберуге қарсы болған. Бірақ кейін көніпті.

"Түркия танымайтын ел болған соң, өз отбасым ол жаққа қоныс аударуымды құптамады. Бірақ жолдасым өз анасын шақырып, менің ата-анамды көндіруге тырысты. Сөйтіп, олардың рұқсатын алып, Түркияға ұштым. Ол кезде мен де, жақындарымыз да ештеңе ойламадық, жарым тек Түркияға жұмысқа кетті деп ойладық", - дейді Малика.

Бірақ Малика Түркияда ұзақ уақыт болмаған. Жары Түркия шекарасы арқылы оны Сирияға алып кеткен.

"Түркияда жарым күтіп алды да, көп ұзамай, "Басқа жаққа көшеміз" деп, мені Сирияға алып кетті. Ол жаққа барған кезде өте қатты қорықтым. Бейтаныс жер, бейтаныс адамдар. Оның үстіне, әйелдерді бөлек, ер адамдарды бөлек алып кетті. Содан кейін жарымды көрмедім. 2-3 айдан кейін жолдасым қаза болғаны туралы хабар келді. Бірақ біз ешқандай соғысқа қатыспадық. Үйден шығудың өзі қиын болатын", - дейді ол.

Сирияға алданып келген Малика бірден елге оралудың жолын іздеген. Бірақ ол оңай болмай шығыпты. Сондықтан, 2014 жылы Сирияға аяғы алғаш тигеннен бастап сол жақта бес жыл өмір сүрген.

"Сириядағы өмірімді еске алғым да келмейді, есте қалғаны тек - соғыстың лебі, ұшақтардан түскен бомбалар даусы, әділетсіздік. Айта берсем көп. Ол жаққа алданып барғаныма қатты қынжыламын. Жолдасым Сирияға әкелгеннен кейін бар ойым елге қайту болды. Бірақ бес жыл бойы ешқандай мүмкіндігім болмады. Сұрастырып, кері қайту жолдарын іздедім. Бірі "Қайтатын жол жоқ, бұл соғыс жері, өте қауіпті" деді. Содан тек күтуден басқа шара болмады", - деп еске алады ол.

Маликаның айтуынша, оған сол сәтте күрд халқы көмектескен екен. Елге оралғанға дейін Сириядағы бес жылда Малика екі бала дүниеге әкелген.

"Сөйтіп, қайтатын күнді күтіп жүргенімде күрдтер қайтуға көмектесеміз деп, жол ашып берді. Мен мүмкіндікті құр жібермейін деп, екі баламды алып, күрдтер қатарына келдім. Сол кездегі президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев "Жусан" бағдарламасын бастағанын, елге алып кететінін естігенде, қуанышымызда шек болмады. Бізді алып кетуге қазақтар келгенде, қазақ тілін естігенде жылап жібере жаздадым. Бұл істе бізге қолдау көрсетіп, көмектескен барша адамға өмір бойы алғыс айтып өтемін", - дейді Малика.  

Осылайша, Малика 2019 жылы 9 мамырда Қазақстанға оралған. Өз жарына алданған ол бес жылын соғыс пен бомба маңында өткізген. Қазір бостандықта, жаңа өмір бастаған.

"Жалғыз өкінішім - Сирияға баруым. Ол жаққа бармағанымда бәрі жақсы болар ма еді деп ойлаймын. Өмірім мүлде басқаша болуы мүмкін еді. Ал қазір сол бес жылды ұмытып, жаңа өмір бастауға тырысып жатырмын", - дейді ол.

Материалда иллюстрациялық фотолар қолданылды






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Собянин: Около обновленных поликлиник создано более 600 зон отдыха


Спорт в России и мире
Москва

Один из лидеров «Салавата Юлаева» подписал контракт с ЦСКА: теперь официально


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Ролан Гаррос

Главный русский теннисист заставил Париж аплодировать ему стоя. Что удалось Осьминогу Медведеву?


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Поезд проехал через горящий лес в Бурятии





Путин в России и мире
Москва

Ташкент становится для Москвы точкой опоры – Астана проигрывает, уходя под Запад


Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире

Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



VK Fest

VK Fest 2024: Музыка и Развлечения на Открытых Площадках России



Москва

Астроном Кошман: малый парад из четырех планет пройдет 3 июня

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net