Добавить новость
123ru.net
Tengrinews.kz
Январь
2021

Журналистер "Путин сарайына" кірген адамды тапты

0

Ресейлік эколог және қоғам белсендісі, "Экоқылмысқа қарсы азаматтық бастама" АКЕҰ атқарушы директоры Дмитрий Шевченко Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында Краснодар аймағындағы Идокопас мүйісінде орналасқан "Путиннің сарайына" қалай кіргенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шевченконың айтуынша, белсенділер мүйісте құрылыс басталғаны туралы хабардан кейін нысанды 2004-2005 жылдары бақылай бастаған.

"2011 жылы әріптесім Сурен Газарян, "Собеседник" газетінің тілшісі Римма Ахмирова және белсенді Екатерина Соловьевамен ол жақта не болып жатқанын көргіміз келді. Ол кезде нысанның айналасында айтарлықтай күзет болмағанын айта кету керек. Құрылыс қарқынды жүріп жатты. Сарай территориясына Прасковеевка ауылы тарапынан кірдік. 

Жол бойындағы бақылау-өткізу пунктінен кірдік. Жасырынбадық. Қақпа да ашық тұрды. Тікелей бас ғимаратқа келдік. Бұл Алексей Навальныйдың фильмінде көрсетілген жерге жақын: үлкен портал, қақпа, қосбасты қыран. Басында бізге ешкім назар аудармады. Жұмысшылар өз жұмысымен айналысты. Артық сұрақ қойылмады.

Бірақ кейін Күзет федералды қызметінің (КФҚ) қызметкерлері көріп қалғанда дүрбелең басталды. Түсірілімді тоқтатуды талап етті. Қуанышқа орай мен кадрлар сақталған флеш-картаны аяқ киіміме жасырып үлгердім. Соның арқасында сол сапардан бірдеңелер қалды, әйтеуір. Бұл құрылысшылар түсірмеген суреттер, одан басқа жоқ.

Содан кейін олар не істерін білмеді. Федералды күзет қызметінің екі қызметкері полицияны және шекара қызметкерлерін шақырды. Жеке күзет қызметінің бірнеше қызметкері келіп, полицияның көзінше біздің жеке заттарымызды тартып алды. Көлігімізді тінтіп, заттарымызды сарайға алып кетті", - деді Шевченко басылымға.

"Лохотрон" - Песков Навальный түсірген "Путиннің сарайы" фильмі туралы

Оның айтуынша, "Путиннің сарайынан" кейін полиция оларды Дивноморской ауылындағы бөлімге алып кеткен. Ол жерде түсініктеме жазған.

"Тіпті Путиннің саяжайында арнайы операцияны басқарған адам телефоным ұрланды немесе жоғалды деп шағым жазды. Біз де бізді тонап кетті деген шағым жаздық. Ертесі Дивноморской ауылынан учаскелік полицей құжаттарды тауып алдық дегендей етіп хабарласты. Ешқандай цифрлық техникамызды қайтармады. Қысқасы істі жауып тастады", - деді Шербаков.

Оның айтуынша, 2011 жылдан кейін "Путиннің сарайына" кіріп көрмеген.

"Мен шекарашылардың жағалауда өздігінен демалып жатқан адамдарды қуып жатқанын көрдім. Палаткаларын жинауға мәжбүрлейді, бәрінің құжатын тексеріп, бір базаға алып барады. Содан кейін мен БАҚ-тан сарайдың маңында Путиннің "Олимпия" деген яхтасы жүргенін естідім. Яғни сол кезде Владимир Путиннің өзі демалған ғой", - деді Шевченко.

Айта кетейік, оппозиционер Алексей Навальныйдың "Дворец для Путина" фильмін жариялаған болатын. YouTube-те жарияланған "Путинге арналған сарай. Ең үлкен параның тарихы" бірнеше сағат ішінде 11 миллионнан астам қаралды. Видео сипаттамасында Навальный оны Ресейге оралғанға дейін түсіргені айтылған.

Фильмге 400 мыңнан аса пікір жазылып, Путиннің жақтастары да, Навальныйдың жақтастары да пікір білдірген. Біреулер тіпті әзілдепті. "Путиннің әжетханасындағы орындық пәтеріңнен қымбат болғанда", "Окей, Гугл: Путиннің туысқаны болудың жолы бар ма?" депті қолданушылар.

Кремль Навальный түсірген "Путиннің сарайы" туралы фильміне қатысты пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Собянин прибыл в Китай с рабочим визитом


Спорт в России и мире
Москва

Военно-спортивный фестиваль Росгвардии в «Лужниках» собрал более 20 000 москвичей и гостей столицы


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Уимблдон

Экс-теннисист Ольховский: россияне могут хорошо выступить на Уимблдоне


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Российские компании придерживаются собственного подхода в ESG





Путин в России и мире
Москва

ЯНДЕКС, АЛЕКСАНДР ПУШКИН, АНАТОЛИЙ ГОЛОД И "СВЯТОЙ ЛЕНИН" ВЕДУТ СЛЕДСТВИЕ ВЕКА! ВАЖНЫЕ СЕРЬЁЗНЫЕ ДАННЫЕ.


Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире

Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Антонио Вивальди

Вивальди под небом



Москва

"Это начало". На Западе раскрыли, с чем столкнутся США из-за шага Путина. В Евразии им не место

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net