ESPN сарапшысы Головкин деңгейіне жететін қазақ боксшыларын атады
![ESPN сарапшысы Головкин деңгейіне жететін қазақ боксшыларын атады](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2021/news_317919/thumb_b/photo_77174.jpeg)
Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов Геннадий Головкиннің биігіне жете алады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ESPN журналының латынамерикалық редакциясының журналисі Фернандо Барбоза осындай пікір білдріді.
"Садриддин Ахмедов - болашағы өте зор боксшы. Оның ең басты басымдығы - жас екенінде. Ол тәжірибе жинақтап жатыр және уақыты жетерлік. Оны үйрену уақыты шектемейді. Чемпиондық жекпе-жекке бір-екі немесе үш жылдан кейін де шыға алады. Асығыс емес. Ахмедов сұмдық боксшы. Харизмасы бар. Болашағы тамаша болады деген ойдамын. Бастысы көбірек жекпе-жек өткізіп, актив болып қалу.
Данияр Елеусінов пен Жәнібек Әлімханұлы да биік жетістікке жете алады. Бұл қазақстандық боксшыларда бәрі алда деп ойлаймын. Олар отандастары Геннадий Головкиннің биігіне жете алады", - дейді Барбоза.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!