Добавить новость
123ru.net
Tengrinews.kz
Май
2019

Әр адам сұранысқа ие мамандықты меңгеріп, жұмыс таба алатынына сенімді болуы керек - Мамин

0
Әр адам сұранысқа ие мамандықты меңгеріп, жұмыс таба алатынына сенімді болуы керек - Мамин

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін одан әрі дамытудың перспективалары қаралып, тәсілдері мақұлданды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.  Қазақстанда 821 колледж бар, оның ішінде 479 - мемлекеттік, 342 - жекеменшік. Бүгінде колледждерде барлығы 488  мыңнан астам адам оқиды, оның ішінде 199 мыңы - "Баршаға арналған ТжКБ" жобасы бойынша оқиды. Жұмысшы мамандықтары бойынша білімнің сапасы мен қолжетімділігін арттыруда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері баяндады.

Мәселені қарау барысында сонымен қатар ҚР премьер-министрінің Орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары О. Ордабаев, колледждерді сенімді басқаруда тәжірибесі бар  ЖОО-лар мен бизнес өкілдері баяндама жасады.

ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин техникалық кәсіптік білім беру жүйесінде сапалы білімді, сұранысқа ие мамандықтарды және жұмысқа орналасу кепілдігін алуға жағдайлар жасау қажеттігін атап өтті. Бұл жаһандық еңбек нарығының өзгеруімен және экономика салалары үшін, оның ішінде жаппай цифрландыру үшін сапалы кадрлар даярлаудың әлемдік беталыстарының пайда болуымен байланысты.

Кадрларды даярлау заман талабына сай болуы қажет. Асқар Мамин кәсіптік-техникалық даярлау жүйесін жаңғыртуда барлық әлеуметтік-экономикалық факторларды, оның ішінде оқу мекемелерінің аумақтық қолжетімділігін, көпбейінділігі мен тиімділігін, түлектердің сұранысқа ие болуын ескеру керектігін атап өтті.

ҚР премьер-министрі жобалық кеңсе құрып, колледждерді сенімгерлік басқаруға қызығушылық танытқан бизнес-қауымдастықпен және ЖОО-лармен әріптестіктің нақты механизмдерін әзірлеуді тапсырды. Отандық экономикамыздың ірі компания көшбасшылары өз сенімгерлік басқаруына шамамен 150 колледжді, университеттер - 50-ге жуық колледжді ала алады.  

ҚР Үкіметінің басшысы атап өткендей, дуальды оқытуды енгізу мен кеңейту бойынша жұмысты күшейту мақсатында кәсіпорындар колледж базасында орталықтар аша алады. Бұл колледждердің жұмысын жұмыс берушінің сұранысына жақындатып, түлектерге жұмысқа орналасуға кепілдік бола алады. Бұл бағытта табысты тәжірибелер бар, "Қазақмыс" корпорациясы Сәтпаев қаласындағы тау ісі технологиялық колледжінде, Балқаш қаласындағы политехникалық колледжінде осындай орталықтар ашты.

"Елбасының неғұрлым талап етілетін 100 кәсіп бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орындарын  жаңғырту және мамандар дайындаудың халықаралық тәжірибесін енгізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру қажет", - деп атап өтті Асқар Мамин.

Бұл мақсатта осы жылдың соңына дейін кәсіптік стандарттарды әзірлеуді аяқтау, сондай-ақ кәсіби біліктілік процесін заңнамалық реттеу бойынша ұсыныстарды енгізу тапсырылды.

ҚР Үкіметінің басшысы облыс әкімдіктерінің назарын WorldSkills халықаралық жобасына қатысу және жұмыстық құзыреттерін дамыту үшін өңірлерде осы қозғалысқа қатысу үшін барлық жағдайларды жасау қажеттігіне аударды. Қосымша тетік мектептен тыс ұйымдар бола алады, онда қазіргі талаптарды ескерумен мысалы, бағдарламалауда, мобильді қосымшалар мен өз жобаларын жасауда балалардың дағдылары қалыптастырылады.

Мәселені қорытындылаған ҚР премьер-министрі Асқар Мамин кадрларға қажеттілікті болжамдау, колледждер мен білім беру бағдарламаларын жаңғырту, мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруды жетілдіру бойынша шараларды әзірлеуді тапсырды.

"Әрбір адам өзінің сұранысқа ие мамандық алғанына және кейін жұмысқа орналаса алатынына сенімді болуы керек", - деді А. Мамин.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Мэр: 29 и 30 июня в Москве пройдет масштабное празднование Дня молодежи


Спорт в России и мире
Москва

В Димитровграде проводят чемпионат России по парусному спорту в классе «микро»


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Уимблдон

Уроженка Тамбова Арина Родионова вышла во второй круг квалификации Уимблдона


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Экологи «Россети Центр» и «Россети Центр и Приволжье» показали высокий профессионализм на Всероссийском конкурсе





Путин в России и мире
Москва

Президент Конго Сассу-Нгессо прибыл в Москву на переговоры с Путиным


Лукашенко в Беларуси и мире
Минск

«Все решено»: Лукашенко поблагодарил Лаврова за важное для Белоруссии решение




123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

Захарова назвала заявление Киева о Крыме как военной цели «калькой с нацистской концепции»


Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Джиган

Водонаева раскритиковала дочь Джигана



Москва

"Такого не было сто лет". В Ватикане начался судьбоносный процесс

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net