Добавить новость
123ru.net
Tengrinews.kz
Май
2019

Елордада отызға жуық отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

0
Елордада отызға жуық отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

Елордада отызға жуық отбасы далада қалайын деп тұр. Өйткені сатып алған үйлері екінші рет заңсыз саудаланған көрінеді. Енді үйді сатып алған екі тарап бір-бірімен соттасып жүр. Оларды осылай дауластырып қойған құрылыс компаниясының басшылары болса түрмеде отыр, - деп хабарлайды КТК тілшісі. 

40 жыл мұғалім болып, зейнетке шыққан Роза апай Тараздағы бүкіл дүние-мүлкін сатып, елордаға ұлының қолына көшіп келген. Мына үш бөлмелі пәтерді 2016 жылдың басында толық бітпеген күйінде сатып алып, ішін түгел өздері жасатқан. Жалпы шығыны 20 миллионнан асты дейді. Үйдегі 7 адам енді рахатын көре бастағанда сау етіп біреу суыт хабар әкепті.

"Нотариус бұл үйдің бұған дейін сатылған сатылмағанын, кепілдікте тұрған тұрмағанын тексердік. Бүкіл жерден анықтамасын алды. Нотариус содан кейін бізбен келісімшарт жасады. Үйдің бірін реттеп қажетті дүние-мүлікті орын-орнына қойып отырсақ, бір күні "үй менікі" деп бір әйел келіп тұр", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Роза Байдуанова.

Келіп тұрған кісінің қолында 2012 жылдан бері сол пәтердің иесі екенін растайтын құжаты бар екен. Роза апай секілді опық жеп қалған "Аниса" тұрғын үй кешені тұрғындарының саны өздерінің айтуынша, 29. Бәрі де бір-бір құшақ құжат ұстап алып, пәтердің шын қожайыны екенін дәлелдей алмай жүр.

"Оның келісімшартының бірінші парағы жаңартылған. Кешіріңіздер, пәтердің құжатының бірінші бетін жыртып алған. Оның үстіне олар 2012 жылы сатып алған пәтерлерін. Сонда 2016 жылға дейін қайда жүрген", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ырысты Естияр. 

Оларды соңғы 3-4 жыл қатарынан әбігерге салып отырған мына топ. Олардың айтуынша, үй жарна ретінде осы кісілердің ақшасына салынған. Бұлардың да қолдарында растайтын құжаттары жеткілікті. Үйіне төлеген миллиондары түбіртек күйінде әлі сақтаулы. Тек үй бітуге шақ қалғанда құрылыс салушы басшылар бірнеше пәтерді басқа біреулерге сатып жіберген. Сондықтан кінәні бізден емес, құрылысшылардан іздеу керек дейді.

"Бізбен соғысқа шыққан сияқты. Прокуратураға барып қайта-қайта менің үстімнен іс қозғасын деген өтініштер жазып жатыр. Бұның барлығы адамды қажытады, шаршатады. Олардың жауы мен емес қой. Мен емес олардың пәтерін екінші рет сатқан", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Әсел Әлиева.

Олар он адам бірігіп алып, бір адвокат жалдаған. Жалпы үй бірінші қожайындардың жарна ретінде жинаған ақшасына салынған, оны растайтын құжаттары бар дейді адвокаты. Құрылыстың мұндай түрі заңда рұқсат етілген.

"Мәмілелерді кез келген уақытта жасауға болады. Ол үйді салуға рұқсат оған қажет емес. Жер бөліну қажет емес. Өйткені, заң бойынша мұндай мәмілелер жасалып, ақша жиналады. Жерді сатып алып үйді салуға қаражат жинау үшін заң бойынша рұқсат етілген", - дейді заңгер Айман Жұмабекова. 

Осыған дейін өткен 3-4 сот шешімі үйді 2012-2013 жылдары сатып алғандардың пайдасына шешілген. Ал пәтерінен айрылғысы келмеген екінші топ енді жоғарғы сотқа бармақ.

Жалпы, "Аниса-1" - қаладағы проблемалық тұрғын үй кешендерінің қатарына жатады. Соттасып жатқан екі жақтың бірі қалай болған күнде миллиондаған ақшаға сатып алған пәтерінен айрылғалы тұр. Далада қалса салған ақшасы да көзден бұлбұл ұшады. Өйткені, оларды қырқыстырып қойған құрылыс компаниясы басшылары 6-8 жылға сотталып кеткен.

Дереккөз: КТК






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Собянин: Транспортная доступность Богородского и Метрогородка будет улучшена


Спорт в России и мире
Москва

В последний день Игр БРИКС в Москве пройдут соревнования по брейкингу и рок-н-роллу


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Хуберт Хуркач

Хуркач о реванше со Зверевым: «В голове сидел тот матч в финале United Cup»


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

В ОЭЗ «Технополис Москва» подсчитали выбросы парниковых газов





Путин в России и мире
Москва

Историческое соглашение: Владимир Путин и Ким Чен Ын заключили договор о стратегическом партнерстве


Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире

Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Анастасия Волочкова

Анастасию Волочкову покалечил астролог



Москва

Туроператоры назвали стоимость путевки в Турцию в июле на двоих

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net