Мы в Telegram
Добавить новость
123ru.net
Tengrinews.kz
Май
2019

"Апатия, уайым және қалыпты күй" - Психолог түлектердің ҰБТ алдындағы қорқынышы жайлы

0

Биыл қаңтардан бастап ҰБТ жылына 4 рет, қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында өткізілетін болды. Қаңтар, наурыз және тамыз айларындағы ҰБТ түлекке ЖОО-ның тек ақылы бөлімдеріне түсуге мүмкіндік береді. Ол ҰБТ-ларға қатысудың өзі де ақылы. Бірақ тестілеуден алған сертификаттар грант алуға жарамсыз. Үміткер мемлекеттік грантты алуға ниетті болса, онда ол ҰБТ-ны маусымда тапсыруы тиіс. Осылайша грантқа түскісі келген әрбір түлектердің тестілеуіне бір ай ғана уақыт қалды деуге болады.

Ақылы болсын, грант болсын бұл сынақ әрбір түлек үшін стресс. Психолог Ділдә Сақтағанованың айтуынша, балалар алдында міндеттер тұрғандықтан, олар өзін кінәлі сезініп, түрлі ойларға батады. Осы ретте психолог Tengrinews.kz тілшісіне ҰБТ алдындағы үрей мен сенімсіздікті қалай жеңуге болатынын және тестілеу алдында балаға қандай психологиялық көмек көрсету қажет екенін айтып берді.

Психолог балалардың қатты уайымға салынуына көбіне үздік аттестат пен Алтын белгіні ақтай алмау қорқынышы себеп екенін айтады.

"Әрбір түлектің алдында міндет тұрғандықтан, олар көбіне өздерін кінәлі санайды. Бірінші кезекте өзінің алдында, сосын қасында жүрген достарының, мектеп алдында үмітті ақтай алмай қаламын деген үрей пайда болады. Күні-түні "Олардың ұятқа қалдырмаймын ба?", "Әке-шешемнің үмітін ақтай аламын ба?" деген оймен жүреді. Осылайша аз ғана уақыт ішінде бала өз-өзін іштей жеп қояды", - дейді Сақтағанова.

Маманның айтуынша, дәл осы сәтте мықты психологтар ғана баланы 180 градусқа өзгертіп, қалыпты жағдайға келуіне көмектесе алады. Психологтың көмегімен бала бір күннің ішінде-ақ өзгеруі мүмкін дейді.

"ҰБТ-ға кіретін балаға міндетті түрде психологиялық көмек қажет. Біріншіден, бала 11 жыл бойы алған білімін, потенциал мүмкіндіктерін өз деңгейінде қолдана алу үшін қобалжу, уайымдау немесе қорқу сияқты жағымсыз қалып-күйдің әсерінен білгенін ұмытып қалмауы үшін қажет. Екіншіден, бала өзінің қалып-күйін реттей алмайтын болса және өзінің ішкі жан дүниесімен жұмыс істейтін сауаты төмен болса, онда ол көбіне қобалжу, уайымдау, жайсыз күйді жеңе алмай, соған жегіліп кетеді", - дейді Ділдә Сақтағанова.

ҰБТ-ға кіретін түлектің 5 қателігі. Үздік мұғалімнен кеңестер

Осы ретте психолог маңызды емтихандар алдында болатын адам күйінің 3 түріне тоқталып өтті. 

"Қалып-күйдің үш түрі бар - апатия, уайым және қалыпты күй. Ең қауіптісі - апатия. Бұл кезде бала өз энергиясының барлығын керек емес нәрсеге жұмсап жібереді де, уайымдап, шектен тыс жауапкершілікті сезініп, өз-өзін жеп қоятын жағдайда болады. Ал лихорадка кезінде бала өзінің ішкі қысымын жағымсыз жағдайды реттеуші күш ретінде қолдана алмай, шектен тыс белсенділік танытып, орынды-орынсыз іс-қимылмен энергиясын жұмсап, ойын қажетті фокусқа бағыттай алмайды. Яғни қарапайым мысал ретінде ҰБТ нұсқасын дұрыс толтыра алмайды деуге болмайды. Үшінші түрі, қалыпты күй. Онда кішігірім уайымдау, қобалжу ғана болады. Бірақ ол патологиялық деңгейде емес", - дейді маман.

Сақтағанованың айтуынша, патологиялық деңгейге жеткен баланың әдетте аяқ-қолы дірілдеп, жүрегі қатты соғып, терлеп немесе тамағына жас толып жылағысы келеді. 

"Ал патологиялық емес деңгей керісінше, қобалжулардың ширауына әсер етеді. Баланың емтихан алдында өзін жоғалтуына емес, ширауына септігін тигізеді. Сондай-ақ, баланы психологиялық тұрғыда дайындаған кезде оның физиологиялық және патологиялық жағдайын ескеру керек. Физиологиялық дайындық кезінде бірінші кезекте баланың ұйқысын, тәбетін және тестілеу алдындағы үнемі шаршаңқы күйін реттеу керек, яғни бала мүмкіндіктерін дұрыс қолдана алатындай жағдай жасауға тырысу керек. Ал психологиялық деп отырғанымыз, ол  уайым-қайғы мен ойды жинақылап, реттеуді білдіреді", - дейді психолог.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин: Центральной детской библиотеке имени Гайдара — 90 лет


Спорт в России и мире
Москва

Первое историческое ралли в Москве 2 июня 2024


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Даниил Медведев

Медведев высказался об игре Свёнтек


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Орнитологи напомнили москвичам, как вести себя при встрече с птенцами





Путин в России и мире
Москва

Ташкент становится для Москвы точкой опоры – Астана проигрывает, уходя под Запад


Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

Зеленский: после «заморозки» конфликт опять вспыхнет


Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Елена Волкова

В Тульской области продолжается культурный проект «Классика: история и современность»



Москва

Литературный вечер в честь Пушкина проведут в Химках 6 июня

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net