Мы в Telegram
Добавить новость
123ru.net
Tengrinews.kz
Май
2019

"Жеке куәлікті өзіңмен алып жүруге міндетсің" - Қазақстандықтар сенетін 5 аңыз

0

Қазақстандықтар қажет кезде жеке куәлігін көрсете алады, бірақ беруге немесе қалдырып кетуге міндетті емес. Азаматтың жеке басын анықтайтын бұл құжатқа қатысты қазақстандықтардың әлі де сенетін аңыздары қандай? Бұл сұрақты Tengrinews.kz тілшісі алматылық заңгер Думан Көпбаевқа қойған еді. 

"Түнде де, күндіз де өзімен бірге алып жүру міндет"

Сонымен, заңгердің айтуынша, жеке куәлікті қазақстандықтар түнде де, күндіз де өзімен бірге алып жүруге міндетті емес. Алайда құқық қорғау органдары, оның ішіндегі барлық күш құрылымдарының өкілдері сізден куәлікті көрсетуді талап ете алады. 

"Жеке куәлігіңіз құқық қорғау органдарының өкілдері сұраған жағдайда өзіңізбен бірге болмаса, онда сіз заңды бұзған жоқсыз. Көпшілік бұл сөзді дұрыс түсінбейді, көбі азаматтар жеке басын анықтайтыне құжатты алып жүруге міндеттіміз деп ойлайды. Алайда олай емес. Жеке куәлігіңіз жоқ болған жағдайда тәртіп сақшылары сізді полиция бөліміне жеткізіп, кім екеніңізі анықтауға үш сағат бойы ұстай алады. Бұл бірақ заң немесе ереже бұзу болып есептелмейді. Сондықтан өзіңіз әбігерге түспеу үшін үнемі құжатыңызды алып жүргеніңіз дұрыс", - дейді ол.

"Күзетшілер мен тіркеушілер алып қоя алады"

Қазақстандықтардың тағы бір сенетін аңызы, заңгердің айтуынша, қандай да бір компанияға барғанда я бизнес-орталықтарға кіргенде күзет немесе тіркеу бөліміне құжатты қалдырып кетуді заңды деп есептейді. 

"Қандай да бір компанияның кеңсесіне барғаныңызда күзетке немесе қабылдау, тіркеу бөліміндегілер жеке куәлігіңізді алып қояды. Қонақүйлерге барғанда да солай. Шыққаныңызда бірақ береді. Бұл заңсыз. Яғни сіздің жеке куәлік сізге ғана керек, олар ары кетсе көшірмесін түсіре алады немесе мәліметін журналына жазып ала алады. Басқа іс-әрекетке олардың құқығы жоқ", - дейді ол.

Сондай-ақ, құқыққорғаушы Қазақстан республикасының халқын тіркеу мен құжаттау ережесіне сәйкес, заңда көрсетілмеген жағдайлардан басқа, жеке куәлікті кепілге беруге, тәркілеуге және қабылдап, өткізуге тыйым салынатынын атап өтті. Жеке куәлікті тәркілеуге тергеу органдары, анықтау органдары немесе сот шешім шығара алады екен.

"Дүкенге кепіл ретінде қалдыруға болады"

Тағы бір аңызды заңгер дүкенге қарызға тауар алу үшін жеке құжатын тастап кететін жағдаймен байланыстырып отыр. Оның айтуынша, жеке куәлікті тастап кеткен адамға да, құжатты алған саудагерге де ешқандай да жаза қолданылмайды. 

"Екі тарап та жазаланбайды. Бұл жерде ешкім де мәжбүрлі түрде құжатын тастап кеткен жоқ. Олардың келісімі де ауызша, себебі азық-түлік үшін ешкім де жазбаша келісімшарт толтырып отырмайды. Бұл жағдай ешқандай заңда қарастырылмаған. Ал тартып алатын жағдайда қылмыс болып саналып, ол ұрлыққа қатысты баппен байланыстырып, мәселені шешу керек. Ал егер кепілге құжатын тастап, тауарын алып, кейін сол құжатын қайтарғысы келген жағдайда бірінші кезекте учаскелік полицей оның қандай жағдайда берілгенін, қандай сомадағы тауарға кепіл болғанын анықтау керек болады", - деп түсіндірді заңгер.

Осы тұста Қазақстан республикасының халқын тіркеу мен құжаттау ережесіне сәйкес, жеке куәлікті кепілге беруге болмайды, болмайды дегенімен, оны берген адам жазаға тартылмайды. Заңгер әлденеге тыйым салынса, оны бұзғандарға қандай да бір жазалау шарасын қарастыру керек дейді. 

"Ал жазалау шарасы болсын десек, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске бап енгізу керек болады. Яғни сол кодексте төлқұжатты кепіл ретінде берген және алған адамды жазалау шарасы нақтылап көрсетілуі тиіс. Ал қазір мұндай заң жоқ", - дейді Думан Көпбаев.

"Желіге жарияласам, атымнан кредит алады"

Сондай-ақ, заңгер қазақстандықтардың сенетін тағы бір аңызы "Куәлігімді Желіде жариялап қойсам, менің атымнан кредит алатындар болады" дегенге сенуін айтады.

"Жеке куәлікті Интернет бетіне оның иесі өз еркімен ғана сала алады. Өзгелерге рұқсатсыз салуға тыйым салынған. Себебі ондағы мәліметтер жеке басқа ғана тиесілі, бұл Ата заңымызда көрсетілгендей, әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар. Ал бірақ қандай да бір жағдайда төлқұжаты жарияланып кетсе, ол арқылы ешкім де сіздің атыңыздан кредит ала алмайды. Яғни, бұл қылмыс интернетте жариялану салдары емес", - дейді заңгер.

Айтуынша, бұл төлқұжат жоғалған жағдайда ғана болуы мүмкін алаяқтық әрекеттер. Ал төлқұжат жоғалмай, интернетте тарағаны үшін ғана атыңыздан кредит алынған жағдай болса, бұған сол несие беретін екінші деңгейлі банктер жауапты, себебі банктер құжаттың түпнұсқасы болған жағдайда ғана жұмыс істеуге құқылы екен.

"ЖСН-ді бөтен адамға айту қауіпті"

Ал "жеке куәліктегі ЖСН-ді бөтен адамға айту қауіпті ме?" ме деген сұрағымызға заңгер былай деп жауап берді: 

"Бүгінде адамның тек жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)арқылы қандай да бір несие алып немесе жылжымайтын мүлік алу мүмкін емес. Сондай-ақ, ҚР Азаматтық кодексінің 245-бабына ("Олжа") сәйкес, жоғалған затты тауып алған адам бұл туралы оны жоғалтқан адамға немесе заттың меншiк иесiне немесе оны алуға құқығы бар өзiне белгiлi басқа адамдардың бiреуiне дереу хабарлауға және табылған затты оған қайтаруға мiндеттi. ЖСН білген адам тек оның иесінің материалдық жағдайын біле алады - салыққа қарызы бар-жоғын, табысы қандай, қандай мүліктеріне тыйым салынғаны жайлы. Онымен қоса, қазіргі уақытта қазақстандықтардың жеке сәйкестендіру нөмірін алу қолжетімді. Арнайы ЖСН-ге қатысты мәліметтер базасы бар", - дейді заңгер.

Құжат жоғалтқанда не істеу қажет - Нұсқау






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Собянин: Общегородской школьный выпускной пройдет в Москве 28 июня


Спорт в России и мире
Москва

На Играх стран БРИКС выступят выпускники амурских спортшкол


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
WTA

Касаткина опустилась в рейтинге WTA, Андреева впервые вошла в топ-25


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

В Екатеринбурге появится больше бассейнов





Путин в России и мире
Москва

Путин: вины России в прекращении действия зерновой сделки нет


Лукашенко в Беларуси и мире
Минск

Стало известно, о чём беседовал Александр Гусев с президентом Беларуси в Минске




123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире

Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Сергей Шнуров

Стас Михайлов заявил, что до сих пор обижается на Сергея Шнурова



Москва

Псков вошел в топ-5 городов, которые туристы больше всего ассоциируют с Россией

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net