Тимати мен Наzима жаңа бейнебаян шығарды
Ресейлік әнші Тимати YouTube желісіндегі каналында қазақстандық орындаушы Наzима-мен бірге түсірген туындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әртістер "Нельзя" әніне түсірілген бейнебаянда өздері де түскен. Клипті түсірген ресейлік режиссер Павел Худяков жары Корнелия Полякпен бірге.
Назима Жәнібекова - хип-хоп жанрында әндер орындаумен танылған. TNT-дағы "Әндер" телевизиялық шоуының бірінші маусымының финалисі. Black Star лейблінің әртісі.
Осыған дейін әнші блогер Бейбіт Әлібековке сұхбат беріп, онда ТНТ-дағы "Әндер" байқауына қатысу, Шымкент қаласының әкімімен кездесу және тоқтатылған қолтаңба-сессия туралы әңгімелеп берді.