Шымкентте бірінші сыныпқа қабылданатын оқушылар мектепке электронды түрде тіркеледі
![Шымкентте бірінші сыныпқа қабылданатын оқушылар мектепке электронды түрде тіркеледі](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170123162504.jpg)
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Жыл сайын оқу жылын жаңа бастамамен қарсы алатын мектеп ұжымын биыл да өзгерістер күтіп тұр. Шымкентте 1-ші сыныпқа баратын оқушылар енді мектепке электронды түрде тіркелетін болды. Мұндай бастама елімізде алғаш рет енгізіліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.