16 мамырда ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
![16 мамырда ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170515235647.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты сейсенбі, 16 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды,, жел күшейіп, түнде солтүстік аймақтардың кей жерлерінде үсік жүреді.