Сағынтаев Қостанайда «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынып жатқан тұрғын үйлерді тексерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Заречное ауылындағы «Северный» шағын ауданына барып, өңірдегі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үй құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.