Криптовалюта долларды ығыстыра ала ма...
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1971 жылы АҚШ-тың Қаржы министрлігің хатшысы болған Дж.Коннели «Доллар - біздің валюта, бірақ сіздерге - проблема» - деген екен. Айтқаны айдай келіп, бүгінде барша мемлекеттің бас ауруына айналды. Дағдарыс дендеп, доллардың әуселесі артып тұр. Соңғы 70 жыл бойы үстемдік етіп келе жатқан бұл валютадан құтылмаса, дағдарыстан көз ашпайтынын түсінген әлем қауымдастығы енді тығырықтан шығар жол іздеп жатыр.