Полицейлер науқас балалары бар әріптестеріне қаржылай көмек көрсетті
![Полицейлер науқас балалары бар әріптестеріне қаржылай көмек көрсетті](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170412185423.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ішкі істер органдары қызметкерлерін әлеуметтік қолдау қоры ауыр науқас балалар тәрбиеленіп жатқан үш полиция қызметкері отбасына 250 000 теңгеден қаржы аударды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.