ОҚО-да биыл Нұрлы жол» бағдарламасымен 66 тұрғын үй пайдалануға беріледі
![ОҚО-да биыл Нұрлы жол» бағдарламасымен 66 тұрғын үй пайдалануға беріледі](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170406205400.jpg)
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында биыл «Нұрлы жол» бағдарламасымен 66 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ОҚО-ғы филиалының директоры Қасымбек Мәліков мәлім етті. Оның айтуынша, облыста мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы екі бағыт бойынша жүзеге асырылып отыр , деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.