Дүйсенбі еліміздің кей өңірлерінде тұман түсіп, найзағай жарқылдайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 сәуірде еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек оңтүстік, оңтүстік-батыс, солтүстік-батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып өтеді. Респуликаның кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте-найзағай күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.