Лаңкестік үшін кәмелетке толмағандар азаматтықтан айырылмайды - Әділет министрлігі
![Лаңкестік үшін кәмелетке толмағандар азаматтықтан айырылмайды - Әділет министрлігі](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170407164140.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтықтан айыру түріндегі жаза кәмелетке толмағандарға қолданылмайды. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде қоғамдық тыңдау барысында ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры Дархан Игембаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.