Қазақ-өзбек кəсіпкерлері құны 840 млн долларлық 92 келісімшартқа қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасының Президенді Шавхат Мирзиеевтің Қазақстанға жасаған ресми сапарын аясында қазақ-өзбек бизнес форумы өтіп жатыр. Бизнес форум аясында екі елдің кəсіпкерлері құны 840 млн доллар болатын келісімшарттарға қол қойды. Бұл туралы тілшілерге «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Нұржан Əлтаев мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.