Қазақстанда бүгін қар жауып, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты республиканың батысында, оңтүстік шығысында, шығысы пен оңтүстігінде қар жаууы мүмкін. Кей жерлерге тұман түсіп, жел күшейеді, батыс аймақтарда көктайғақ болады.