Ақтөбеде қашқындарды ұстаймын деген колония қызметкері кинодағыдай «трюк» жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі КА-168/3 (қоныс-колониясы) мекемесінің қызметкері, әділет майоры Нұржан Жидеханов іздеуде жүрген сотталушыларды ұстау кезінде фантастикалық кинолардағы трюкты қайталаған. Әділет майоры қылмыскерлер мініп қашып бара жатқан көлікке жабысып, 10 шақырым бойы ілесіп барған. Осылайша қашқындарды ұстаймын деген колония қызметкерін үсік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасай отырып.