Зеренді ауданында өртенген мектептің орнына жаңа мектеп салынуы мүмкін - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен аппарат кеңесі өтіп, онда өткен демалыс күндері Зеренді ауданы Дөңгілағаш ауылындағы орта мектептің қазандығында болған өрттің зардаптарын жою мәселесі сөз болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.