Қазалы ауданында 75 жұмыс орны ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында 75 жұмыс орны ашылды. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалының директоры Ермек Аймаханов айтты. Оның айтуы бойынша, биылғы жылдың өзінде 22 қазалылық кәсіпкерге барлығы 130 млн.теңге несие берілген. Нәтижесінде ауданда 75 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.