Қазақстанда баспаналардың көпшілігі назардан тыс қалып отыр - Жанат Жарасов
![Қазақстанда баспаналардың көпшілігі назардан тыс қалып отыр - Жанат Жарасов](http://www.inform.kz/fotoarticles/20161018162207.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде баспананың едәуір көлемдегі үлесі назардан тыс қалып отыр. Бұл туралы бүгін Сенатта Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері бойынша депутаттар мен мүдделі мемлекеттік органдардың кездесуінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанат Жарасов мәлім етті.