Мәжіліс депутаты: Пәтерді жалға беруші онда тұратын адамды тіркеуге міндетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары баспанада тіркеусіз 30 күнге дейін тұру мүмкіндігін ұсынуда. Бұл туралы бүгін Сенатта Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері бойынша депутаттар мен мүдделі мемлекеттік органдардың кездесуінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев мәлім етті.