21 қарашада тозығы жеткен көліктерді қабылдау басталады
![21 қарашада тозығы жеткен көліктерді қабылдау басталады](http://www.inform.kz/fotoarticles/20161018172241.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат «ӨКМ операторы» ЖШС 21 қарашадан бастап Қазақстанның 17 қаласында өтемақы төлей отырып, ескі көліктерді қабылдай бастайды. Бұл туралы бүгін аталған компанияның басқарушы директоры Рүстем Темірбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.